Ел тынысы

МӘМС жүйесі түсіндірілді

Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасында елордалық салалық кеңестердің отырысы өтіп, оның аясында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері қаралды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері мен түрлі саладағы кәсіпкерлер қатысты. Кездесудің басты тақырыбы – МӘМС жүйесінің жұмыс істеу тетіктерін түсіндіру және кәсіпкерлердің осы жүйеге қатысты сұрақтарын талқылау болды.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Астана қаласы бойынша филиалының директоры Гүлжан Шайхыбекова негізгі баяндама жасап, медициналық сақтандыру жүйесінің жұмыс тәртібі, сақтандырылған азаматтардың құқықтары мен міндеттері туралы кеңінен айтып берді. Сонымен қатар, жиынға қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Отырыста бизнес пен мемлекеттік құрылымдар арасындағы сындарлы диалог орнап, мұндай кездесулер кәсіпкерлердің мол ақпарат беріп, денсаулық сақтау саласындағы бірлескен шешімдерді әзірлеуге жол ашатыны атап өтілді.

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button