Өнерлі зейнеткерлер - орталық мақтанышы

Өнерлі зейнеткерлер - орталық мақтанышы
фото: Астана қаласының Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы

Астана қаласында өткен «ASTANA-MEGA-JULDYZY» өнер байқауында Астана қаласы әкімдігінің Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының Нұра ауданы бойынша әлеуметтік қызмет көрсету бөлімінің шығармашылық ұжымдары жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Атап айтқанда, халықтық хореографиялық «Қыздарай» ансамблі «Кең дала» және «Ритмы Фламенко» билерін ұсынып, екі бірдей Гран-при жеңіп алды. Ал «Аңыз» хореографиялық ансамблі «Сезім әуені» биімен байқаудың І орын тұғырынан көрінді.

Қос ансамбльдің жетекшісі – Ирина Смағулова. Оның жетекшілігімен өнер көрсетіп жүрген «Қыздарай» ансамбліне биыл 5 жыл болса, «Аңыз» ұжымы шығармашылық жолын бастағанына 1 жыл толды. Аз уақыт ішінде өнер ұжымдары өз шеберліктерін шыңдап, байқауларда жоғары нәтижелерге қол жеткізіп келеді.

Бұл жетістіктер – өнерпаздардың тынымсыз еңбегі мен ізденісінің, өнерге деген сүйіспеншілігі мен шығармашылық жетекшісінің кәсіби шеберлігінің жемісі.