Елорда нысандарын аралады

Елорда нысандарын аралады
фото: Экология және табиғи ресурстар министрлігі

Экология және табиғи ресурстар министрі Әлібек Қуантыров Астана қаласы мен Қосшы қаласындағы ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметімен танысып, олардың ұжымдарымен кездесті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Жұмыс сапары «Жасыл аймақ» РМК-ның «Ақ қайың» тәлімбағынан басталды. Кәсіпорын елорданың жасыл аймағын құру, қорғау және молықтыру жұмыстарымен айналысады. Кәсіпорынның «Ақ қайың» және «Дамса» атты екі тәлімбағында күзгі түгендеу қорытындысы бойынша 6 млн-нан астам көшет есепке алынған. Жалпы, 2026 жылы кәсіпорын 6,1 млн-нан астам көшет отырғызған. Одан кейін министр осы кәсіпорынның кеңсесіне барып, қызметкерлерімен кездесті. Олардың тарапынан «Жасыл белдеу» мекемесін құру мәселесі көтерілді.

Астана ботаникалық бағында Ә. Қуантыров жылыжайларды, палеоботаникалық экспозицияларды, гербарий қорын және өсімдіктер биотехнологиясы зертханасын аралап көрді. Ботаникалық бақта 7 ғылыми зертхана жұмыс істейді. Жылыжай коллекциясында өсімдіктердің 300 түрі, тұқым қорында 519 түрі бар, ал гербарий қоры 21 мыңнан астам гербарий парағын құрайды. Ғылыми-зерттеу жұмыстарымен қатар мұнда экскурсиялар мен экологиялық ағарту сабақтары өткізіледі. Ғылыми қызметкерлер тиісті зертханалық жабдықтарды сатып алу үшін қаржыландыру мәселесін көтерді. Жұмыс сапары Астана қаласы бойынша Экология департаментіне барумен аяқталды. Министр департаменттің қызметімен және материалдық-техникалық базасының жай-күйімен танысты.