Руханият
-
2025 жылдың жауһар күндері
«Қазақ ССР-інің Мемлекеттік егемендігі туралы» декларацияның қабылданғанына 35 жыл (25 қазан 1990 жыл); Қазақстан Республикасының Конституциясының қабылданғанына 30 жыл (30 тамыз 1995 жыл); Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің құрылғанына 30 жыл (желтоқсан, 1995 жыл); Керей мен Жәнібек хан туын көтерген Қазақ хандығына 560 жыл (1465 жыл); Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы (9 мамыр 1945ж.); Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына…
Жалғасын оқу -
Көшпенділер додада олжа салған жыл
Өтіп бара жатқан Ұлу жылы Астанада мәдениет пен өнер саласында 19 мыңнан астам іс-шара өтті. Атап айтқанда, V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары, Астанадағы Мәскеу және Ташкент күндері, Қазақстандағы Тәжікстан күндері, Астанадағы Индонезия астанасы Нусантара күні, TEATP ALL III халықаралық театр фестивалі, «Театрлы Еуразия» халықаралық фестивалі және т.б. көптеген іс-шара ұйымдастырылды. Бұларды 2,3 млн астам көрермен тамашалады. 2024 жылғы елордадағы басты мәдени…
Жалғасын оқу -
«Түлкілітаудың аспаны» оқырманға жол тартты
Кеше астананың төріндегі «Шаңырақ» мейрамханасында белгілі журналист, Әлеуметтік ғылымдар магистрі, медиа зерттеуші, ақпарат саласының үздігі, ҚР Президентінің БАҚ саласындағы сыйлығының иегері Төлен Тілеубайдың 50 жас мерейтойына орай «Түлкілітаудың аспаны» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. Оған академиг, мағжантанушы және абылайтанушы ғалым, Зарқын Тайшыбай, ақын, Куаныш Максутов, белгілі қаламгер, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Астана ақшамы» газетінің бас редакторы Еркін Қыдыр, Мәжіліс депутаты,…
Жалғасын оқу -
Фариза – поэзия падишасы
Астанадағы Ф.Оңғарсынова атындағы №77 мектеп-гимназияда көрнекті ақын, Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Фариза Оңғарсынованың туғанына 85 жыл толуына орай «Ф.Оңғарсынова шығармашылығы: ұлт руханиятына қосқан үлесі» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Ақынның барельефі ашылды Фариза Оңғарсынованың шығармаларын өскелең ұрпаққа жеткізу, тәрбиелік мәнін түсіндіру, ұлттық құндылықтарды бала бойына дарытудағы педагогтардың тәжірибесін тарату, шығармашылық әлеуетін көтеру мақсатында ұйымдастырылған жиынға мемлекет және қоғам…
Жалғасын оқу -
Адалдық болмаса, алға баспаймыз
Еліміздің мемлекеттік қызмет туралы заңнамада еңбек ардагері Кеңесбек Махамбетовтің еңбек еткен жылдарын «тұрақты кәсіби негізде жүзеге асыратын мемлекеттiк қызметшi» деп анықтаған. Кеңесбек Ізбасарұлы мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшi ретіндегі еңбек жолы 1975 жылы Қызылорда облысының Жалағаш кентінде «Главриссовхозстрой» СПО №14 жылжымалы мехколонна шебері лауазымында бастады. Ленинград қаласында алты жыл оқып, әр жылғы тағылымдамаларын ірі орталықтарда өткізіп, білімін шыңдап келген жас маманды жолдамамен…
Жалғасын оқу -
Сенат төрағасы «Гауһартас» қойылымын тамашалады
Қазақстан Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев рекордтық көрсеткішке қол жеткізген «Гауһартас» қойылымын тамашалады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz Астана қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театрының шығармашылық төлқұжаты іспеттес Д.Исабековтің «Гауһартас» музыкалық драмасын сахналаған бір жыл он айдың ішінде, халықтың көзайымына айналып, көрермен назарына 250 мәрте ұсынылып, Қазақстанның театр кеңістігінде рекордтық көрсеткішке қол жеткізді. 250-ші рет көрсетілген спектакльді тамашалаған көрермен қатарында Қазақстан Парламент…
Жалғасын оқу -
Қазақстан анимациясы туралы кітаптың тұсаукесері өтті
Астанадағы Қазақ ұлттық өнер университетінде белгілі кинотанушы, Қазақстандағы кәсіби кинотанудың негізін қалаушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, профессор Бауыржан Рамазанұлы Нөгербектің «Когда оживают сказки: мультипликационное кино Казахстана» монографиясының (қайта басылымы) тұсаукесері өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz Монографияда алғаш рет өнердің жаңа түрі ретінде қазақ анимациясы жан-жақты зерттелген. Бауыржан Нөгербек қазақ анимациясының қалыптасу кезеңінен бастап дамуына дейін, фильмдер мен көркемдік…
Жалғасын оқу -
«Ф.Оңғарсынова шығармашылығы: ұлт руханиятына қосқан үлесі» атты конференция өтті
Елордадағы Ф.Оңғарсынова атындағы №77 мектеп-гимназиясында халық жазушысы, қоғам қайраткері Ф.Оңғарсынованың 85 жылдық мерейтойына арналған «Ф.Оңғарсынова шығармашылығы: ұлт руханиятына қосқан үлесі» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, деп хабарлады astana-akshamy.kz Конференцияға келген қонақтар алдымен Фариза Оңғарсынованың құрметіне жасалған барельефтің ашылуына қатысты. Әрі қарай мектеп оқушылары «Фаризатану» кабинетінде ақынның өлеңдерін оқып, жырдан шашу шашып, қарсы алды. Сонымен қатар, мерейтойға орай ақынның отбасы тарту…
Жалғасын оқу -
Ақмолада құрылған дивизиялардың ақиқаты қандай?
Адамзат баласы тарихындағы ең ауқымды соғыс саналатын Екінші дүниежүзілік соғыстың жеңіспен аяқталуына қазақстандықтардың қосқан үлесі туралы ой қозғағанда, әңгімемізді әуелі архив қорларында сақтаулы тарихи құжаттар мен нақты дерек-дәйектерге сүйене отырып өрбітсек, айтар сөзіміз ақиқаттан алшақтамай, туралықтан тайсақтамай, көкейдегі көп сауалға жауап табылары анық. Тарихи деректер тек Қазақстанның өзінен майданға шамамен жалпы 1300000 жауынгер аттанып, мұның жартысына жуығы туған жерге қайтып…
Жалғасын оқу -
Қазақы тақырыптағы қойылым
Ауыл мен қала балалары. Бүгінде екеуі екі бөлек әлемге айналды. Асфальтта өскен ұрпақ ана тілінің уызына жарымай, бойларын еркіндік билеп, жат мәдениеттің ықпалына жығылды. Ауыл балалары, керісінше қазақы тәрбие көріп, көп жағдайда ұяңдық танытып, қарапайым қалпын сақтайды. Көрнекті жазушы, драматург Тахауи Ахтанов бұл мәселені осыдан жарты ғасырға жуық уақыт бұрын көтерді. Қаламгердің 1976 жылы жарық көрген «Күшік күйеу» комедиясында ауыл…
Жалғасын оқу