Имантаразы

  • Ізгілік  мейрамы

    Мұсылмандар үшін қасиетті Құрбан айт мерекесі келіп жетті. Ал иісі мұсылман қауым бұл күнді айрықша қастерлеп келеді. Құрбан айттың мән-мағынасын түсіну, қағидаларын ескеру мақсатында сан-салалы айтылып жүрген ой-пайымдар көп. Осының бәрін бір арнаға тоғыстыру, мәнін ұғыну үшін Ислам ғылыми-зерттеу институтының директоры, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Төрәлі ҚЫДЫРДЫ әңгімеге тартқан едік. – Құрбан айт мерекесінің түпкі мән-мағынасы неде? – Ислам дінінде…

    Жалғасын оқу
  • Астанада Құрбан айт кезінде санитарлық талаптарды сақтау мәселесі ескертілді

    Астанада Құрбан айт мерекесі қарсаңында санитарлық-эпидемиологиялық және ветеринарлық қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Биыл Құрбан айт 27-29 мамыр аралығында өтеді. Мереке кезеңінде санитарлық нормаларды сақтау, жұқпалы аурулардың алдын алу және құрбан шалу рәсімін қауіпсіз өткізу мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. Қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, мал сою тек арнайы белгіленген және жабдықталған орындарда ғана рұқсат етіледі. Тұрғын үйлердің ауласында, көшеде,…

    Жалғасын оқу
  • Құрбан айт – рухани мейрам

    Биыл Құрбан айт мейрамы 27 мамырда басталады. Осыған орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған qurban.muftyat.kz сайтын іске қосты. Сонымен қатар еліміздің өңірлері бо­йынша айт намазының уақыт кестесі жарияланды. Астана қаласында айт намазы 27 мамыр күні сағат 6:00-де оқылады. Елордада өткен баспасөз мәслихатында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Құрбан айт мерекесіне байланысты кәсіпкерлерге үндеу жасады. «Құрбан…

    Жалғасын оқу
  • Мың айдан да қайырлы Қадір түні

    Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын. Жыл – он екі айдың ішінде адам баласының рухани өміріне, жүрегіне, тіпті тағдырына тікелей әсер ететін бір ғана түн бар. Ол – барша мұсылман жұртшылығы асыға күтетін Қадір түні. Халықтың оны «түндердің сұлтаны» деп атауы бекер емес. Бұл – көктің есігі айқара ашылып, Алланың рақымы төгілетін, періштелер жер бетіне түсетін, бір ғана түннің…

    Жалғасын оқу
  • Ораза – жүрек амалы

    Ораза – ең алдымен, жүректің амалы. Ол – жүректі тазартуға, ниетті түзетуге, нәпсіні тәрбиелеуге және тақуалыққа жетуге бағытталған ұлы құлшылық. Оразаның шынайы рухын түсінген адам ас пен судан тыйылуды басты мақсат етпейді. Ауыз бекітудегі негізгі мақсат – жүректі Аллаға жақындатып, ой мен жүректі түрлі дерттен тазалау, ішкі жан дүниені көркем мінезбен безендіру. Сондықтан оразаны саналы түрде жүрекпен ұстап, оның рухани…

    Жалғасын оқу
  • Нұрлан Байжігітұлы: Ұлттық киім – имандылықтың символы

    Әрине, еліміздің кешегі-­бүгінгі тарихында діни ағартушылықтың алтын арқауын жалғаған әулие-­әнбие, ишан-молдалар аз болмаған. Бүгінгі таңда да сол асыл мұраны жалғастырып, ел ішінде Алланың ақ жолын насихаттап жүрген тұлғалар баршылық. Солардың бірі – ел ішінде «Нұрлан имам» деген атпен танымал, Астана қаласындағы Ырыскелді қажы атындағы мешіттің бас имамы Нұрлан Байжігітұлы. Қазақы болмысымен, терең діни сауатымен, қарапайым халықпен етене тіл табыса білетін…

    Жалғасын оқу
  • Құрбан айт құтты болсын!

    Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын! Барлық мақтау Аллаға тән! Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедке Алланың салауаты мен сәлемі болсын! Баршаңызды иісі мұсылман баласының ұлық мейрамы – Құрбан айтпен шын жүректен құттықтаймын! Сіздерге Алладан амандық, мықты денсаулық, мол ырыс пен бақ-береке тілеймін! Шын мәнінде, Құрбан айт жалаң құрбандық емес, ол – ішкі жан дүниеңді тазарту мен рухани тұрғыдан жаңғыру деген сөз.…

    Жалғасын оқу
  • Бүгін — Қадір түні

    Бүгін мың айдан да қайырлы – Қадір түні. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2025 жылғы Ораза кестесінде Наурыз айының 26-нан 27-не қараған түн — Қадір түні деп жариялады. Рамазан айының соңғы онкүндігіндегі тақ күндердің бірі болғандықтан, бұл түні ерекше құлшылық жасалып, дұға-тілектер айтылады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. Ислам ғалымдарының пікірінше, Қадыр түні Рамазан айының соңғы онкүндігінде, әсіресе тақ күндердің біріне жасырылған. Дегенмен, көпшілік…

    Жалғасын оқу
  • Оразаның пайдасы

    Ораза – Исламдағы бес парыздың бірі, рухани тазаруға арналған теңдессіз құлшылық. Оның мәні – адамның өзін-өзі тәрбиелеуі, сабыр мен төзімділікке үйренуі, нәпсіні тізгіндеуі және Аллаға жақындай түсуі. Ораза ұстаған адам күн шыққаннан күн батқанға дейін ішіп-жеуден, жаман сөз бен әрекеттерден, теріс қылықтардан бас тартады. Бұл адамның бойындағы сабырлық, мейірімділік, төзімділік секілді қасиеттерді дамытып, жүректі тазартады. Сонымен қатар, ораза – мұсылманды…

    Жалғасын оқу
  • Оразада нені білу керек?

    Ауыз бекітетін кезде оқылатын дұға Оқылуы: «Нәуәйту ән асумә саумә шәһри Рамаданә минәл фәжри иләл мағриби халисан лилләһи таъалә». Бұл дұғаның мағынасы мынадай: «Таңертеннен кешке дейін Алланың ризалығы үшін Рамазан айының оразасын ұстауға ниет еттім». Ауыз ашар кезде оқылатын дұға Оқылуы: «Аллаһуммә ләкә сумту уә бикә әәмәнту уә ‘аләйкә тәуәккәлту уә ‘ала ризқикә әфтарту. Зәхәбә Зома уәбтәллатил-‘уруқ уә сәбәтал-әжру ин…

    Жалғасын оқу
Back to top button