Ел тынысы
-
Үлкен өзгерістер мен ізденістер жылы
Жаңа 2025 жылдың табалдырығын аттайтын уақыт жақын. 2024 жыл ел үшін елеулі оқиғаларға толы болды. Ал қазақстандықтар үшін Ұлу жылы несімен есте қалды? Ел өміріндегі айтулы, маңызды оқиғаларға шағын шолу жасайық. Бес әлеуметтік кеселмен күрес Биыл Атырауда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысы өтті. Одан Мемлекет басшысы қоғамдағы…
Жалғасын оқу -
2024: Елді елең еткізген елордалықтар
Астанада әртүрлі оқыс оқиғалар мен қиындықтардан адамдарды құтқарып қалған ержүрек жандар аз емес. Тіпті ұшқыр білімі, спорттағы және сахнадағы жетістігі арқылы Астана атауын асқақтатып жүрген жандар арамызда жүр. Elordainfo.kz жыл басынан бері жұртшылық назарында болған астаналықтар туралы айтуды жөн көрді. Қаңтар Жылдың алғашқы айы жемісті басталды. Елордалық спортшы Дастан Ордабай Балларат қаласында өткен 2024 жылғы Virtus Oceania Road Cycling World…
Жалғасын оқу -
Жыл қорытындысы қандай?
Ел Үкіметі әр сала бойынша жыл қорытындысын жариялады. Соларға жеке-жеке тоқталайық. Өсімнің игілігін әр азамат сезінді Қазақстанның негізгі әлеуметтік бастамалары халықтың тұрмыс сапасын жақсарту және азаматтарды қолдау екені анық. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев былтырғы Жолдауында «Экономикалық өсімнің игілігін әрбір азаматымыз көруі керек» деп қадап айтты. Осыған орай биыл ел бюджетінің тең жартысы әлеуметтік салаларға жұмсалды. Биыл базалық зейнетақы 7 пайызға,…
Жалғасын оқу -
Білім беру мен ғылым саласы серпінді даму сатысында
Қазақстанда оқытудың ең озық әдістерін енгізуден бастап, заманауи инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ студенттерді жан-жақты қолдау мақсатында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесін жаңғырту әрі реформалау бойынша ауқымды шаралар қабылдануда. Ғылымды дамытуға бөлінетін қаражат көлемі артып келеді. Отандық ғалымдардың әзірлемелерін қолдау және коммерцияландыру жөніндегі бағдарламалар енгізілуде, деп хабарлады astana-akshamy.kz Тұтастай алғанда, білім беру жүйесі мен ғылым саласы ғылыми-технологиялық…
Жалғасын оқу -
Ұшақ Қазақстаннан тыс жерде зақымданған – Вице-премьер Ақтау маңында болған ұшақ апаты туралы
Ақтау маңында апатқа ұшыраған Azerbaijan Airlines ұшағы Қазақстаннан тыс жерде зақымданған. Бұл туралы Үкіметтік комиссияның жетекшісі Қанат Бозымбаев айтты, деп хабарлады astana-akshamy.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. «Қазір алдын ала мәлімет бойынша, сарапшылар ұшақ Қазақстанның әуе кеңістігінен тыс жерде зақымданған деген қорытындыға келіп отыр. Осыған байланысты жедел-тергеу тобы түрлі сараптамалар тағайындады. Бұған дейін сот-медициналық және гистологиялық сараптамалар тағайындалған. Cонымен қатар молекулярлық-генетикалық сараптама тағайындалды», –…
Жалғасын оқу -
Қазақстанға ешқандай қысым жасалып жатқан жоқ – Бозымбаев ұшақ апатын тергеуге қатысты
Премьер-министрдің орынбасары, Үкіметтік комиссияның жетекшісі Қанат Бозымбаев Қазақстанға Ақтау маңындағы ұшақ апатын тексеру мәселесінде «сырттан қысым жасалып жатыр» деген ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлады astana-akshamy.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. «Бұл жалған ақпарат екенін бірден айтамын. Бұл апаттың мән-жайын анықтауға ешбір елден ешкім араласуға тырысып жатқан жоқ. Біз бұл жерде ешқандай қиындық көріп тұрған жоқпыз», – деді Қанат Бозымбаев. Оның айтуынша, Қазақстан ұшақ апатын…
Жалғасын оқу -
Ақтау маңындағы ұшақ апаты: Владимир Путин мен Ильхам Әлиев телефон арқылы сөйлесті
Ресей тарапының бастамасымен Владимир Путин Әзірбайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады astana-akshamy.kz Kazinform агенттігіне сілтеме жасап. 25-желтоқсан күні Қазақстанның Ақтау қаласына жақын маңда Әзербайжан әуе компаниясының жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына қатысты мәселелер жан-жақты талқыланды. Владимир Путин қайғылы оқиғаның Ресей әуе кеңістігінде орын алғаны үшін кешірім сұрап, қаза болғандардың отбасыларына тағы да терең күйзеліспен көңіл айтты. Сонымен бірге…
Жалғасын оқу -
Елдігімізді танытқан ерен жыл
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елімізді дамыту мен өркендету жолында жыл бойы атқарған қызметіне шолу жасап, қоғамдық-саяси өмірдегі, әлеуметтік-экономикалық дамудағы іргелі өзгерістер мен табыстарға қысқаша тоқталуды жөн көрдік. Президент биыл жұмыс сапарымен еліміздің 11 өңіріне барды. Аймақтардағы 60-тан аса өндірістік және әлеуметтік-мәдени нысандармен танысып, жұртшылықпен кездесті. Сондай-ақ ел ішіндегі 41 іс-шараға қатысты. Олардың қатарында форумдар, кеңестер, отырыстар секілді түрлі форматта өткен…
Жалғасын оқу -
Мемлекет басшысы Әзербайжан Президентімен телефон арқылы сөйлесті
Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. Президенттер қайғылы оқиғаға байланысты бір-біріне көңіл айтып, Маңғыстау облысында апатқа ұшыраған Azerbaijan Airlines ұшағында қаза тапқан азаматтардың отбасылары мен жақындарына сабыр тіледі. Қасым-Жомарт Тоқаев оқиғаны тергеу жөніндегі арнайы мемлекеттік комиссия жұмысы туралы мәлімет беріп, Қазақстан тарапы ұшақ апатын жан-жақты және объективті түрде зерттеуге бар күш-жігерін салатынын жеткізді. Ильхам Әлиев іздестіру-құтқару…
Жалғасын оқу -
2025 жыл — Жұмысшы мамандықтарының жылы: Президент Жарлыққа қол қойды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен 2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жарияланды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz – Жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру және техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің реформасын жүзеге асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. 2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жариялансын. 2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Жұмысшы мамандықтарының жылын өткізу бойынша қажетті шараларды қабылдасын. 3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы…
Жалғасын оқу