Ел тынысы
-
Инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды
Елордада инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелеріне арналған «Ашық есік күні» ауқымды іс-шарасы өтті, деп хабарлады astana-akshamy.kz. Бұл кездесу мемлекеттік құрылымдар мен бизнес қауымдастығы арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты тереңдетуге, сондай-ақ инвестициялық климатты жақсартуға бағытталған маңызды диалог алаңы ретінде ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты инвесторлардың нақты проблемалары мен ұсыныстарын тыңдап, оларды шешудің пәрменді жолдарын бірлесіп қарастыру болды. Іс-шараға Астана қаласы әкімінің орынбасары Евгений…
Жалғасын оқу -
Теміржол билеттерінің 80%-ы онлайн сатылады
ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында Теміржол және су көлігі комитетінің төрағасы Жәнібек Тайжанов осындай мәліметтерді келтірді. Ведомство өкілі сондай-ақ сұраныстың жоғары кезеңінде «күту парағы» қызметі сәтті іске асырылатынын айтты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. «Сондай-ақ ұлттық тасымалдаушы сайтында «Жолаушылар пойыздарының қозғалысының «онлайн таблосы» іске қосылды. GPS трекерлер «Жолаушылар тасымалы» АҚ-на тиесілі 99 жолаушылар пойызына орнатылған. Жыл соңына дейін жеке тасымалдаушылар да жүйеге…
Жалғасын оқу -
Астанада Қазақстан мен Ресейдің мәңгілік достық аллеясы ашылды
Астана қаласында Қазақстан мен Ресей арасындағы тарихи және мәдени байланыстардың, одақтастық пен тату көршіліктің символына айналған Мәңгілік достық аллеясының салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. Жаңа мәдени нысан – екі ел арасындағы көпжылдық ынтымақтастық пен сенімнің, сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин арасындағы достық қарым-қатынас пен өзара құрметтің жемісі. Аллеяның ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида…
Жалғасын оқу -
Астанада актерлер театрлық экоакция өткізді
Астанадағы М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры ғимаратының жанындағы Гүл бақшасында «Классиктер таза қала үшін!» атты театрлық экологиялық акция өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. Театр актерлері орыс әдебиетінің көрнекті классиктері – Александр Пушкиннің, Максим Горькийдің, Антон Чеховтың және Николай Гогольдің бейнесінде театрландырылған перформанс ұсынды. Іс-шара республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында өтті. Актерлер көркем монологтар мен импровизациялар орындап қана қоймай,…
Жалғасын оқу -
Елордалық спортшылар чемпионатта топ жарды
Астана қаласында көркем гимнастикадан көпсайыс бойынша өткен ел біріншілігі өз мәресіне жетті. 2009 жылы және одан кейін дүниеге келген спортшылар арасында өткен топтық және жекелей бағдарлама бойынша үздіктер анықталып, жеңімпаздардың есімі белгілі болды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. Жарыс қорытындысы бойынша көпсайыстың жекелей бағдарламасында Астана қаласының спортшылары жеңіс тұғырынан көрінді. Айым Мейіржанова алтын медаль иеленсе, Эрика Жайлауова күміс жүлдеге қол жеткізді. Көпсайыстың…
Жалғасын оқу -
«Объективте – еңбек, жан және табиғат үйлесімі» фотокөрмесі ашылды
Астанадағы М.Өтемісов атындағы Оқушылар сарайында «Таза Қазақстан» экожобасы аясында ұйымдастырылған «Объективте – еңбек, жан және табиғат үйлесімі» атты фотокөрменің салтанатты ашылуы өтті. Көрмеде қалалық «Шаттық-2025» шығармашылық жаңалықтар байқауы жеңімпаздарының жұмыстары ұсынылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. «Шаттық» байқауына қатысқан 60-тан астам оқушы 180 фотожұмысын ұсынды. №26 мектеп-гимназиясының оқушысы Анжелика Кривец өз фотоларында қаланың ырғақты тынысын және қоршаған ортаға деген қарым-қатынасты көрсетуге тырысқанын…
Жалғасын оқу -
Елордада Astana International Forum (AIF) 2025 өтеді
Астанада 29-30 мамыр күндері өңірдегі ең ірі іскерлік оқиғалардың бірі – Astana International Forum (AIF) 2025 өтеді. Форум әлемдік көшбасшылардың, сарапшылардың, инвесторлар мен бизнес өкілдерінің басын қосады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. Astana International Forumқатысушылары Қазақстан астанасына келе бастады. Бес мыңнан астам шетелдік қатысушы келеді деп күтіліп отыр. Олардың қатарында форумға қатысушылар,делегация жетекшілері мен компания басшылары, еріп жүретін тұлғалар мен 100-ден астам…
Жалғасын оқу -
Елордада ерекше қойылымның премьерасы өтті
Астанадағы «Қанаттылар» инклюзивті театры көрерменге өзгеше қойылым ұсынды. Жас драматург Қазыбек Аманжолдың «191-бап» атты комедиясы күлдіріп тұрып ойландырған, жүрекке жеңіл әзілмен жетіп, санада ауыр сұрақ қалдырған ерекше премьера болды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. Қойылым сюжеті әдеттен тыс: бір үйге бір күнде екі ұры түсіп, күтпеген жағдайға тап болады. Күлкілі диалогтар, шынайы тартыстар, астарлы сөздер көрерменді бірде езу тартқызып, бірде жан-дүниесіне үңілдіреді.…
Жалғасын оқу -
Астанада KIOSH 2025 халықаралық конференциясы мен көрмесі өтуде
Астанада KIOSH 2025 еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі XIII Қазақстандық халықаралық конференция мен көрме өтуде, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. Іс-шараға Халықаралық еңбек ұйымының және Халықаралық еңбек инспекторлары қауымдастығының, мемлекеттік органдардың, жұмыс берушілер мен кәсіподақтардың өкілдері, сондай-ақ жақын және алыс шет елдердің сарапшылары қатысады. Биыл конференция аясында үш күн ішінде өндірістік бақылауды цифрландырудан бастап корпоративтік қауіпсіздік мәдениетін дамытуға дейінгі көптеген мәселелер…
Жалғасын оқу -
Түрікшеге аударылған қазақ шығармасының тұсаукесері өтті
Түркия Республикасының Президенттік кітапханасында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Парасат» орденінің иегері және «Mecenat.kz» романдар байқауының жеңімпазы Сәуле Досжанның «Өмір бәйтерегі» атты шығармасының түрік тіліне аударылған нұсқасының ресми тұсаукесері өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. Аталған іс-шараны Түркі тарихы және мәдениеті қоры «TURKTAV» ұйымдастырып, Қазақстанның Түркиядағы Елшілігі қолдау көрсетті. Жиынға Түркияның зиялы қауым өкілдері,…
Жалғасын оқу