Қоғам

Бір күнде – 1 млн жолаушы

 Астанада қоғамдық көліктегі жолаушылар легі рекордты деңгейге жетті. Бұл көрсеткіш 1 млн сапарды құрап отыр, деп хабарлайды astana-akshamy.kz CTS баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қала халқының қазіргі саны 1 544 142 адам болатын елорданың қоғамдық көлігіндегі тәуліктік жолаушылар легі 1 005 329 сапарды құрады.

2024-2025 жылдары көзделген келесі шаралардың жүзеге асырылуы қоғамдық көліктің тартымдылығын арттыруға және жолаушылар легінің айтарлықтай өсуіне мүмкіндік берді:

700-ден астам жаңа автобус жеткізілді;
қоғамдық көліктің орташа қозғалыс жылдамдығы 16 км/сағ-тан 18 км/сағ-қа дейін артты;
Автобустарды күту аралығы 16 минуттан 13 минутқа дейін қысқарды;
Bus lane (автобус жолағы) 130 шақырымға дейін ұлғайды/ұзарды;
5 экспресс, 5 тұрақты және 1 айналма маршрут іске қосылды.
Күн сайын қала көшелеріне 105 маршрут бойынша 1210 автобус шығады.

Айта кетейік, Астанада 14 автобустың бағыты уақытша өзгереді.

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button