Ел тынысы

Жер учаскелерін беру тәртібіне өзгерістер енгізілді

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті 2020 жылғы 1 қазандағы №301 ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің «Жер учаскелерін беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер енгізілгенін хабарлайды.

Атап айтқанда, өзгерістер республикалық маңызы бар қалалардан, астанадан, сондай-ақ облыстық және аудандық маңызы бар қалалардан жер учаскелерін беру тәртібі көзделген 17-қосымшаға қатысты. Қосымшада ортақ үлестік меншікке немесе ортақ үлестік жер пайдалану құқығына үлестерді ресімдеу тәртібі нақты көрсетілген.

Аталған нормаларды енгізу — жер учаскелерін үлестік қатысу арқылы ресімдеу кезінде өтініш берушілер тап болатын өзекті мәселелерді шешуге бағытталған. Процестер оңтайландырылып, әрі қарай автоматтандыруға бейімделген. Бұл рәсімдердің ашықтығын арттырып, құжат ресімдеу үдерісін жеңілдетуге мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта бұйрық жобасы мемлекеттік тіркеу сатысында.
Тіркеу рәсімі аяқталып, ресми түрде жарияланғаннан кейін бұйрық он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті азаматтар мен бизнестің мүддесі үшін жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді жетілдіру және әкімшілік рәсімдерді жеңілдету бойынша жұмысын жалғастыруда.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button