Ел тынысы

Дәрігер тапшылығы 19% азайды

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша денсаулық сақтау жүйесін дамыту шеңберінде елімізде еңбек жағдайын жақсарту, кәсіптің беделін арттыру және медицина қызметкерлерін әлеуметтік қорғау жұмыстары жүргізіліп келеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz Primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Денсаулық сақтау министрлігінің жұмысы бағыттарының бірі – кадрлық әлеуетті дамыту. Осы мақсатта белгілі бір сала мамандарын даярлауға арналған квоталар саны 2,5 мың орынға дейін ұлғайтылды. Шәкіртақы мөлшері бакалаврлар мен интерндерге 20%-ға, резиденттер, магистранттар мен докторанттарға 15%-ға өсті. Сондай-ақ өткен жылдың 1 қыркүйегінен бастап медициналық колледж студенттеріне ай сайынғы мемлекеттік шәкіртақы мөлшері 50%-ға көтерілді. 2024 жылы медицина саласындағы түлектердің жалпы саны 10 570 адамды құрады, оның 52%-ы мемлекеттік тапсырыс бойынша оқыды. Әлеуметтік қолдау шаралары есебінен өңірлердегі дәрігерлер тапшылығын 19%-ға, ал орта медициналық персоналдың тапшылығын 7%-ға төмендетуге мүмкіндік туды.

Қазіргі уақытта Қазақстанның денсаулық сақтау саласында 270 мыңнан астам медицина қызметкері, оның ішінде 81 285 дәрігер және 190 644 орта медицина қызметкерінің өкілі жұмыс істейді. Саланы қаржыландыруға биыл 2 трлн теңге жоспарланған, 2024 жылы 2,8 трлн теңге, 2023 жылы 4,467 трлн теңге бөлінді.

Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекет басшысының медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға, кадрлық әлеуетті дамытуға және саланы жетілдіруге бағытталған тапсырмаларын орындауды жалғастырады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button