Мәдениет
-
Салғараұлы салған соқпақ
Астана қаласындағы Қазтұтынуодағының Жоғары колледжінде «Ұлт руханияты және тұлғалар тағылымы» атты танымдық кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – жастар арасында кітап оқу мәдениетін насихаттау, ұлттық құндылықтарды дәріптеу болды. Кездесу Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кітап оқу мәдениетін дамытуға бағытталған бастамаларын және «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының «Ұлттық мүдде» құндылығын негізге ала отырып өткізілді. Шара «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында өтті. Кездесудің құрметті қонағы…
Жалғасын оқу -
Қылқалам шеберінің «Мұрасы»
Ұлттық музейде көрнекті график-суретші Исатай Исабаевтың туғанына 90 жыл толуына арналған «Исатай Исабаев. Мұра» атты көрме өтіп жатыр. Көрме 26 маусымға дейін жалғасады. Қылқалам шебері офорт, линогравюра және ксилография сияқты күрделі графика техникасын жетік меңгеріп, қазақ графикалық өнерінің қалыптасуы мен дамуына зор үлес қосты. Оның шығармаларында көркем иллюстрация арқылы қазақ халқының тұрмысы мен дәстүрлері, эпос және фольклор әлемі терең әрі…
Жалғасын оқу -
«Астана Балет» театр маусымын «Алтын гүл» премьерасымен қорытындылайды
26-27 маусым күндері «Астана Балет» театры сахнасында «Алтын гүл» балеті қойылады. Аталған туынды театрдың шығармашылық маусымын түйіндейтін айтулы премьера болмақ, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. Қойылым идеясына б.з.д. III-II ғасырларға жататын, Теңлік қорғандарынан табылған, қызғалдақ бейнесі бедерленген алтын пластина арқау болған. Либретто авторы – ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бақыт Қайырбеков. Премьера ұлттық құндылықтарды дәріптеп, адам мен табиғаттың үйлесімін, ұрпақтар сабақтастығын көркем…
Жалғасын оқу -
Ұлттық қолөнерді ұлықтады
Көшпенділер өркениетінің тарихи-мәдени мұрасын, ұлттық қолөнердің маңызын зерделеу, насихаттау мақсатында елордадағы №2 өнер мектебі мен Смағұл Сәдуақасұлы атындағы №78 мектеп-гимназиясы бірлесіп, «Көшпенділер өркениеті: ұлттық қолөнер» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізді. Аталған іс-шара көшпенділер өркениетінің тарихи-мәдени мұрасын насихаттау, ұлттық қолөнерді жаңғырту, «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының құндылықтары негізінде жас ұрпақты тәрбиелеу және педагогтардың тәжірибе алмасу алаңын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды. Оған Жамбыл,…
Жалғасын оқу -
Театр төрінде – ақындар жыры
Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрында «Құнанбай» спектаклі басталар алдында «Ашық микрофон» поэзиялық кеші ұйымдастырылды. Іс-шараның шымылдығын ашқан театр актері Қуандық Қыстықбай поэзия мен театр тоғысқан осы бір кештің мәнін атап өтті. Оның айтуынша, басқосу заманауи қазақ поэзиясын насихаттап, жас қаламгерлердің шығармашылығына жол ашуға бағытталған. Еркін форматта өткен кеште поэзия сүйер қауым сүйікті ақындарының туындыларын оқып, өз шығармаларын…
Жалғасын оқу -
Елордада Х «Абай оқулары» байқауы басталды
Қазақстан Республикасы Президенттік Іс басқармасының Президенттік орталығы қазақтың ұлы ақыны, дана ойшылы, қазақ классикалық жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған «X Абай оқулары» жыл сайынғы әдеби байқауын жариялайды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. Президент Қ.К. Тоқаев Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған салтанатты іс-шараларға қатысушыларға арнаған құттықтау сөзінде «Хәкім Абайдың мол мұрасы – қазақ халқының ғана емес, барша адамзаттың өнеге алатын…
Жалғасын оқу -
Елімізде кітап оқу мәдениетін дамытатын жаңа жобалар басталады
16 мамыр күні Мемлекет басшысы адам капиталын дамытуға, қоғамның зияткерлік әлеуетін нығайтуға және білімді әрі бәсекеге қабілетті оқырман ұлт қалыптастыруға бағытталған «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды. Президент тапсырмаларын орындау мақсатында Мәдениет және ақпарат министрлігі кітап оқуды кеңінен дәріптеу, кітапхана ісіне тың серпін беру және азаматтардың білім алу мүмкіндігін арттыру жөнінде бірқатар жобаны…
Жалғасын оқу -
74 жастағы зейнеткер жеке сурет көрмесін өткізді
Сарайшық ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында белсенді зейнеткер, әрі әуесқой суретші Байжан Умаровтың «Әлем менің көзіммен» атты жеке сурет көрмесі өтті. Аталған көрмеде қылқалам шебері замандастарына 30-ға жуық картинасын ұсынды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. Іс-шара барысында қонақтар суретшінің шығармашылық туындыларымен танысып, әрбір картинаның мазмұны мен дүниеге келу тарихы туралы қызықты мәліметтер алды. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, Байжан Жұмабекұлының…
Жалғасын оқу -
Сексеннің сеңгіріндегі ақын
Биыл қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, ақын Серік Тұрғынбекұлы мерейлі 80 жасқа толып отыр. Ақын өзінің саналы ғұмырын елдің сөз өнеріне, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге арнап келеді. Сол себепті бұл – оның ғана емес, қазақ руханияты үшін маңызды белес. Серік Тұрғынбекұлы – поэзия әлемінде өзіндік қолтаңбасы ерте қалыптасқан қаламгер, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Махамбет сыйлығының» иегері. Оның өлеңдері терең ойға, ұлттық…
Жалғасын оқу -
Бес жылдық белес
Күй күмбірі мен қоңыр қобыздың үні тоғысқан кеште ұлттық өнердің тынысы айрықша сезілді. Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрында Халық аспаптар ансамблінің 5 жылдық мерейтойына арналған концерт өтіп, өнерсүйер қауым рухани кештің куәсі болды. Мерейтойлық кеш Жамағат Темірғалиевтің «Бақтыбайдың әуені» шығармасымен шымылдығын түрді. Халық аспаптар ансамблі мен «Наз» би театрының бірлескен қойылымы көрерменді бірден қазақы болмыс пен ұлттық…
Жалғасын оқу