Астана қаласы Алматы ауданы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында «Заң мен тәртіп» аясында профилактикалық жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Бұл – жыл сайын 15 маусымдағы БҰҰ-ның «Қарттарға қатысты зорлық-зомбылық туралы ақпарат тарату» күніне орайластырылды.

Іс-шарада құқық қорғау қызметкерлері егде жастағы адамдардың құқықтарын қорғау, алаяқтықтың, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың және басқа да қылмыстардың алдын алу шаралары туралы ақпараттар берілді.
Сондай-ақ, қатысушылар сұрақтар қойып, пікір алмасылды.
Іс-шараның маңызы жөнінде Алматы ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы Марат Мұстафин өз ой-пікірін білдірді.
– Құқық қорғау органдары тарапынан мамандар келіп арнай алаяқтық, зорлық-зомбылық, өз құқығын білу жайындағы ақпараттармен бөлісіп, осы бағыт бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Қоғамда 70-80 жастағы кісілер алақятар құрбаны болып, алданып, қолындағы барынан айрылып жатқан жағдайлар да кездеседі. Тіпті есеп-шоттарынан 10-20 млн теңге беріп қойып жатқан оқиғалар да ұшырасады. Алаяқтықтың алдын алу үшін, заңдық тұрғыдан түсіндірудің мән-маңызы жоғары, – деді ол.

Сонымен қатар, Астана қаласы, Алматы ауданы Полиция басқармасында отбасылық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімінің инспекторы Ақдидар Нәлібекқызы іс-шараның басты мақсатын жеткізді.
– Қазіргі таңда, өкінішке орай алаяқтық аясы кеңейіп жатыр. Емхана жағдайларын айтып, түрлі қаражаттарын әртүрлі жолдармен шешіп алуға тырысады. Цифрлық дамудың қарқын алуы алақтық фактілерінің күшеюіне үлкен мүмкіндік болып тұр. Дегенмен жымысқы әрекетін жүзеге асыруға тырысып жатқандардың ізі кесіліп, анықталып, құрықталып жатыр. Басты мақсат – қарттарымыздың тыныштығын сақтау, қадірлеу, бағалау, сондай-ақ қоғамға игі үлесімізді қосу, – деп түйді полиция өкілі.