Волонтерлерге сертификаттар табысталды

Волонтерлерге сертификаттар табысталды
фото: Астана қаласының әкімдігі

Астана қаласының ТЖД-да оқудан сәтті өткен волонтерлерге сертификаттар салтанатты түрде табысталды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Волонтерлер алғашқы көмек көрсету, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу, өрт сөндіру және төтенше жағдайлардың алдын алу дағдыларын меңгерді.

Департамент басшылығы волонтерлерге белсенді азаматтық ұстанымдары үшін алғыс білдіріп, алдағы қызметтеріне сәттілік тіледі.