«Әділет» партиясы өңірлік филиалдар желісін құрып, мемлекеттік тіркеуден толықтай өткізді. Аумақтық бөлімшелер еліміздің барлық облысы мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларында құрылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Келесі кезең – филиалдардың басқару органдарын жасақтау: төрағалар мен басшылық органдарды сайлау, сондай-ақ бастауыш партия ұйымдарын құру. Аумақтық желіні қалыптастыру – партияның ұйымдастырушылық құрылымын дамытудың маңызды кезеңі. Бұл қадам азаматтармен тікелей байланыс орнатуға және партия бастамаларын жергілікті деңгейде дамытуға мүмкіндік береді.
Еске салсақ, өңірлік филиалдарды құру туралы шешім «Әділет» партиясының ІІ съезінде қабылданып, тиісті Ережемен бекітілген болатын. Құжатта партияның өңірлік құрылымдарының құқықтық мәртебесі, жұмыс тәртібі, басқару және ішкі бақылау жүйесі айқындалған.
«Әділет» партиясы мемлекеттік тіркеуден 2026 жылғы 1 маусымда өтті.
Партияның қызметі туралы қосымша жаңалықтарды ресми Telegram-арнамыздан оқи аласыздар:
https://t.me/adilet_partiyasy
press@adilet-partiyasy.kz