Прокурорлар «Астана-Тазалық» ЖШС мердігер ұйымдарының қызметкерлерімен кездесті

Прокурорлар «Астана-Тазалық» ЖШС мердігер ұйымдарының қызметкерлерімен кездесті
фото: видеоскрин

«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында Астана қаласының прокуратурасы Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасымен бірлесіп «Астана-Тазалық» ЖШС мердігер ұйымдарының қызметкерлерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Іс-шара барысында еңбек қатынастарын заңнама талаптарына сәйкес ресімдеудің маңыздылығы, еңбек құқықтарын сақтау, еңбек даулары туындаған жағдайда уәкілетті мемлекеттік органдарға жүгіну тәртібі, сондай-ақ еңбек жанжалдарын шешу кезінде рұқсат етілмеген жиналыстар мен өзге де заңсыз әрекеттерге жол бермеу мәселелері түсіндірілді.

Сонымен қатар қызметкерлерге QR-код арқылы Telegram-ботына өтіп, еңбек заңнамасы және өз құқықтарын қорғау мәселелері бойынша құзыретті мемлекеттік органдардың қызметкерлерінен жедел консультация алуға мүмкіндік беретін пилоттық жоба таныстырылды.

Астана қаласының прокуратурасы азаматтардың еңбек құқықтарын қорғауға, еңбек жанжалдарының алдын алуға және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған жұмысты жүйелі түрде жалғастырады.