Прокуратура түнде сыртта жалғыз жүрген жасөспірімдерді арнайы рейд барысында анықтады

Прокуратура түнде сыртта жалғыз жүрген жасөспірімдерді арнайы рейд барысында анықтады

Сарайшық ауданында қасында заңды өкілдері еріп жүрмей, түнгі уақытта сыртта жүрген кәмелетке толмағандарды анықтауға бағытталған профилактикалық рейд өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Рейдті Сарайшық ауданы прокуратурасы полиция қызметкерлерімен, білім басқармасының, балалардың құқықтарын қорғау басқармасының, Сарайшық ауданы әкімдігінің және қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен бірлесіп ұйымдастырды. 

Іс-шара барысында компьютерлік клубтар, ойын-сауық орталықтары, саябақтар және азаматтардың жаппай жиналатын өзге де орындары тексерілді. Нәтижесінде түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз жүрген кәмелетке толмағандар анықталды. Олардың ата-аналарына қатысты әкімшілік және профилактикалық сипаттағы шаралар қабылданды.

Прокуратура балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және заңнама талаптарын сақтау қажеттігін еске салады.