2024 жылғы жазғы Олимпиада ойындарының ресми сайтында олимпиадалық формасы үздік 10 елдің тізімі жарияланды. Бұл тізімге Қазақстан енбеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Бүгін, 26 шілдеде Франция астанасы Парижде жазғы Олимпиада ойындары ресми түрде басталады. Байрақты бәсекеге 200-ден аса елден 10 мыңнан аса спортшы қатысады. Халықаралық Олимпиада комитетінің нұсқасы бойынша олимпиадалық формасы үздік 10 ел - Моңғолия, Канада, Гаити, АҚШ, Франция, Чехия, Мысыр, Оңтүстік Корея, Түркия, Сьерра-Леоне құрамалары болып анықталды.