Cтуденттер мен волонтерлар арасында цифрлық гигиенаға арналған киберквиз өтті

Cтуденттер мен волонтерлар арасында цифрлық гигиенаға арналған киберквиз өтті
фото: Астана қаласының әкімдігі

Астанада Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің President Hall алаңында студенттер мен волонтерлер арасында киберқауіпсіздік пен цифрлық гигиенаға арналған «CYBER QUIZ: Цифрлық қауіпсіздігіңді тексер!» атты викторина өтті,  деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Зияткерлік квиз «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы мен «Jarqyn Bolashaq» жобасы аясында ұйымдастырылды.

Іс-шараны «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы мен қалалық Полиция департаментінің Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы бірлесіп өткізді. Басты мақсат – ойынға тәуелділіктің алдын алу, жастардың қаржылық сауатын арттыру және оларды қаржылық әрі интернет-алаяқтықтан қорғау.

Қатысушылар цифрлық қауіпсіздік, интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл және қаржылық сауаттылық тақырыптары бойынша сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін іс жүзінде тексерді.

«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы мен «Jarqyn Bolashaq» жобасы аясында «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы мен қалалық Полиция департаментінің Киберқауіпсіздік басқармасы Еуразия ұлттық университетінде бірлесіп квиз өткізді. Бұл – студенттер мен жастар арасында киберқауіпсіздіктің алдын алуға бағытталған ерекше форматтағы киберквиз. Мұндай форматты жастарға интернет-алаяқтық пен киберқауіпсіздік туралы түсіндіру, цифрлық гигиена ережелерін есте сақтап, білуі үшін ұйымдастырдық.

Квиз сұрақтар мен бірнеше кезеңнен тұрады. Оларға киберқауіпсіздіктің негізгі қағидалары енгізілген», – деді «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы бөлімінің басшысы Жұмахан Дәуіржан.