Астана прокурорларының бастамасымен «Қауіпсіз су айдыны - қауіпсіз балалық шақ» жобасы іске асырылды

Астана прокурорларының бастамасымен «Қауіпсіз су айдыны - қауіпсіз балалық шақ» жобасы іске асырылды

Астана қаласының Алматы ауданы прокуратурасының бастамасымен «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында жазғы демалыс кезеңінде су айдындарындағы жазатайым оқиғалардың алдын алуға бағытталған «Қауіпсіз су айдыны - қауіпсіз балалық шақ» жобасы іске асырылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Іс-шараға прокуратура, төтенше жағдайлар органдары, полиция және білім беру ұйымдарының өкілдері қатысты. Балалар үшін су айдындарындағы қауіпсіздік қағидалары, құқықтық сауаттылық және төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдар бойынша интерактивті сабақтар өткізілді.

Тақырыптық квест аясында қатысушылар алған білімдерін тәжірибеде бекітіп, ең белсенді балалар Алматы ауданы прокурорының атынан грамоталармен марапатталды.

Балалардың қауіпсіздігі - мемлекет, қоғам және ата-аналардың ортақ жауапкершілігі.