Қоғамдағы маңызды мәселелерге қатысты азаматтардың өз пікірін ашық білдіруі – қоғамдық диалогтың бір бөлігі.
Конституция Қазақстан азаматтарының бейбіт жиналыстар өткізу құқығын бекітеді. Бұл адамдарға ортақ мәселелер бойынша көзқарасын білдіруге және азаматтық ұстанымын көрсетуге мүмкіндік береді.
Сонымен бірге аталған құқықты пайдалану заңмен белгілі бір жағдайларда шектелуі мүмкін. Мұндай шектеулер конституциялық құрылысты, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, ұлттық қауіпсіздікті, қоғамдық тәртіпті, денсаулық пен қоғамның адамгершілік болмысын қорғау мақсатында көзделеді. Демек, бейбіт жиналыс өткізу құқығы да заң аясында жүзеге асырылуы тиіс.