Зумба, фитнес, каратэ: қайда тегін?

0 76

Елордалықтарға жүгіру, каратэ, скандинавиялық жүріс, асық ату, стритбол, бадминтон, фитнес, зумба үйірмелері тегін. «Қолжетімді спорт» атты жаңа жоба аясында бұл іс-шаралар қаладағы 6 саябақ пен 2 скверде, апта сайын сейсенбі, бейсенбі, сенбі күндері сағат 17:00-ден 19:00-ге дейін өтеді.

image-15-10-21-03-44-17
image-15-10-21-03-44-1
image-15-10-21-03-44-9
image-15-10-21-03-44-13
image-15-10-21-03-44-21
image-15-10-21-03-44-22
image-15-10-21-03-44-26
previous arrow
next arrow

«Алтын ала жазылудың қажеті жоқ. Тегін спорт жаттығуларына кез келген тұрғын қатыса алады. Әр спорт түрінің өз инструкторлары бар. Жоба биылғы желтоқсан айының соңына дейін жалғасады» дейді жобаны ұйымдастырушылардың бірі, Нұр-Сұлтан қаласы спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясының баспасөз хатшысы Мәдина Айтқалиева.

Сонымен, тегін сабақтар мына мекенжайлар бойынша өтеді:

Астаналық парк. Жауапты адам: Еділ, тел: +7 775 947 22 79

«Жерұйық» паркі. Жауапты адам: Жұмат, тел: +7 707 423 86 93

Ботаникалық парк. Жауапты адам: Айым, тел: +7 708 312 55 02

«Жетісу» паркі. Жауапты адам: Бекзат, тел: +7 775 514 22 06

Триатлон паркі. Жауапты адам: Ризабек, тел: +7 707 977 99 70

Көктал паркі. Жауапты адам: Ерлан, тел: +7 701 909 66 77

Оқушылар сарайы (Арбат). Жауапты адам: Ержан, тел: +7 775 610 09 14

ЕҰУ жанындағы көпір асты. Жауапты адам: Дарын, тел: + 7 747 054 59 00

Естеріңізге сала кетейік, жобаның салтанатты ашылуы өткен демалыс күндері Астаналық саябақта «World Class Green» фитнес-орталығының фитнес-нұсқаушылары мен «Azimuth» спорт клубы спортшыларының көрсетілімдері өтті. Сонымен қатар саябаққа келген демалушылар арасында асық ату ойыны бойынша жаттығулар өткізілді.

Жоба туралы толық ақпарат алу үшін Instagram әлеуметтік желісіндегі @dostupnyi_sportkz парақшасына кіруге болады.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

7 + 2 =