ЗҰЛМАТ ЖЫЛДАР ЗАРЫ АЩЫ

0 251

IMG_0747

Кеше «Іскер» бизнес орталығында «ХХ ғасырдың 30-жылдарындағы Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін және ашаршылық» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Оған тарихшы ғалымдар, қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтары жиналды.

Мемлекет тарихы институты директорының орынбасары Амангелді Қашқынбаев шараны ашып, 103 мың қазақстандық саяси қуғын-сүргін құрбандарына айналғанын, олардың 27 мыңы атылғанын айтып, арасында Батыс Украина мен Батыс Беларусьтен жер аударылған халықтар болғанын атап өтті. Содан сабақ алып, ешқандай арандатушылыққа жол бермеуіміз керектігін айтты.

Тарихшылар тақырыпты жан-жақты саралады. Отарлау себептеріне, барысы мен нәтижелеріне үңілді. Алаш қайраткерлерінің өмірі мен еңбегі, қасіреттері сөз болды. Соның ішінде Хайретдин Болғанбаев пен Сұлтанбек Қожановтың тағдырлары жеке әңгіме өзегіне айналды. Саяси қуғын-сүргін кезеңдері жөнінде мағлұмат берілді. Алаш және Желтоқсан қозғалыстары арасындағы сабақтастық айтылды. Қуғын-сүргінге ұшыраған ақын-жазушылардың өз шығармаларында Қазақстанды қалай бейнеленгендеріне баға берілді. Солардың бірі – Торғай жеріндегі ашаршылықты жырлаған Күдері ақын болыпты.

«АЛЖИР» мұражайы мемориалды кешені директорының ғылым жөніндегі орынбасары Лауренсия Әбдірахманова кешеннің ғылыми жұмыстарымен таныстырды.

Аманғали ШМИТҰЛЫ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

1 × 3 =