Зорлық-зомбылыққа жол жоқ

0 88

Жыл басынан бері 300-ден астам әйел сенім телефонына жүгінді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Биыл 15-18 маусым аралығында елорда аумағында мемлекеттік органдармен және үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп, «Отбасында зорлық-зомбылыққа жол жоқ» атты республикалық акция өтуде.

«Шараның негізгі мақсаты – әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу, тоқтату, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық жасауға бейім адамдармен жеке-профилактикалық жұмысты жүзеге асыру» дейді Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті. Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі бөлімшенің қызметін ұйымдастыру, қала әкімдігі жанынан «Үміт» КММ жұмыс істейді (тәулік бойы 49-78-89 сенім телефоны). Қызметкерлер тұрақты түрде 71-60-63 сенім телефондары бойынша түсіндіру жүргізеді (жұмыс күндері уақытылы істейді), зардап шеккен әйелдер өтініш берген кезде олардың құқын қорғау шаралары қабылданады, психологиялық және заңгерлік көмек көрсетіледі.
Жеке қабылдауға келген 150 әйелдің 40-тан астамы балаларымен бірге дағдарыс орталығына орналастырылды. Олардың өтініштері бойынша 100-ден астам құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Дағдарыс орталықтарының мамандарымен, субъектілермен («Дом Мамы» ҚҚ, «Қорғау-­Астана» ЖҚ, «Право» ҚҚ, «Шанс» қиын жасөспірімдерге арналған Жастар орталығы және қаланың ҮЕҰ) үйлесімді жұмыс істеу нәтижесінде тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына оңалту сипатындағы көмек көрсететін ерлі-зайыптылар арасындағы өзара қарым-қатынасты түзетуге және балаларды тәрбиелеу бойынша ата-ана міндеттемелерін тиісті орындауға бағытталған жұмыстар тұрақты түрде жүзеге асырылуда.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

18 − 6 =