Зорлық көрсе де, қорлық көрмейді

0 120

«Зорлық-зомбылықтан зардап шеккендер, оның ішінде адам саудасының және тұрмыстық зорлықтың құрбандары Қазақстан Республикасының арнаулы әлеуметтік қызметтеріне қол жеткізуін қамтамасыз ету» конференциясы өз жұмысын бастады. 

Шараға қатысушылар 2008 жыл­дың желтоқсанында қабыл­данған ҚР «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» заңына байланысты мәселелер мен тағдыр тәлкегіне ұшырап, түрлі зорлық-зомбылық көрген адамдардың қоғамға қайта кірігуі сияқты және басқа да проб­­ле­­малар төңірегінде  ой бөлісуде. Конференция жұ­­мысына ҚР Парламенті депутат­­тары, мүдделі министрліктердің, қоғамдық және халық­ара­­лық ұйымдардың өкілдері, сонымен қатар Ұлыбритания, Молдова, Сербия, Чехия, Ресей және Қазақстан елдерінің зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік қызмет көрсету орындарының мамандары қатысуда. Конференция қорытындысы бойынша, мамандар аталған саладағы мәселелерді заңнамалық және құқықтық-нормативтік тұрғыда реттеу шараларын нақтылайтын бірқатар ұсыныстар қабылдайды.

Еркежан СӘТІМБЕК

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

three + three =