Зияткерлік желінің жаңа нұсқасы

0 55

«G-global» коммуникативті алаң сайтының жаңа нұсқасы жа­рыққа шықты. Бұл туралы «Ғалымдардың еуразиялық эко­но­ми­калық клубы» қауымдастығы ұйымдастырған «G-global» фор­ма­тындағы әлем» атты баспасөз жиынында таныстырылды.

Елбасы Н.Назарбаев Астана экономикалық форумы негізінде «G-global» сұхбат алаңын құруды тапсырған болатын. Биылғы қаңтар айында қауымдастық осы зияткерлік желіні іске қосты. «G-global» – жыл сайын өтетін форум негізінде жүзеге асатын халықаралық жоба. Бүгінде сұхбат алаңында  әлемнің 149 елінің сарапшылары біріккен. Олар пікірталастар мен жарыссөздер пішінінде әлемдік қаржы дағдарысынан шығу стратегияларын талқылайды.

Аталмыш жиында алда болатын VI Астана экономикалық форумының негізгі мақсаттары мен ерекшеліктері де кеңінен айтылды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

five × 1 =