Зияткерлік меншік заңнамасы жетілдірілуде

0 294

Еліміз зияткерлік меншік құқықтарын қорғау мәсе­лесіне назар аудара бастады. Елбасы Жол­дауында айтылған тапсырмаға сәйкес Қазақ­станға жаңа инвес­тициялардың ағымын тарту және экономиканың әр­тараптандырылуына байланысты авторлық және тауар маркаларын қор­ғайтын нақты кепіл болуы тиіс. Сонымен қа­тар, Зияткерлік меншік құқықтарының тауарлық тұжырымдамалары бойынша келісімнің талаптарын орындау Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру кезінде маңызды тұжырымдама болып табылады.

Сонымен, контрафактілі өнімге қарсы күрестің өзектілігі, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтаудан басқа біздің мемлекетіміздің Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру ниетіне тікелей байланысты. Демек, біздің ДСҰ-ға кіруімізге сәйкес, зияткерлік меншік осы заманғы бәсекеге қабілетті экономиканы құрудың және халықаралық ынтымақтастыққа толық құқықты қатысу үшін негізгі алғышарттардың бірі болып табылады. Зият­керлік меншік құқықтарын бұзудың барлық түрлері мен нысандарын анықтау және алдын алу, соның ішінде қоғамда контрафактілі өнімді тарату, заңсыз өнімді сатуға қарсы күрес бойынша өзекті мәселе күн тәртібінде талқылануда. Әділет органдарының мін­деттерінің бірі – зияткерлік меншік саласында мемлекеттік сая­сатты жүзеге асыру. Бұл бағытта Әділет департаменті барлық мүдделі мемлекеттік органдармен зияткерлік меншік құқықтарын қорғау бойынша бірлескен шаралар жоспарын бекітті. Аталмыш жоспарға сәйкес, контрабанда және контрафактілік өнімді жеткізу және сатудың алдын алуға, осы өнімді жасау фактілерін және басқа бұзушылықтарды анықтауға бағытталған жедел-іздестіру шараларын өткізуге Ішкі істер департаменті мен Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті және Кедендік бақылау департаменті жауапты.

Мейрамхана, түнгі клуб немесе әуен қоятын басқа да қоғамдық орындарда «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» заң талаптарына сәйкес пайдаланған музыкалық шығармалардың авторларына сыйақы төленуге тиіс. Авторлардың мүддесін қорғау, авторлық сыйақыны жинау тәртібін және әуен шығармаларын көпшілік алдында орындауға рұқсат беретін келісім шарттарды жасауды оңтайландыру мақсатында ұжымдық негізде авторлардың құқықтарын басқаратын ұйымдарды құру заңмен қарастырылған. Мұндай ұйымдар өз құқықтарын қорғау үшін авторлардан жа­сақталады. Авторлық қоғам қызметінің айқындылығы және ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында Әділет министрлігі «Ав­торлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» заңға өзгерістер әзірлеп, Парламенттің қарауына енгізді. Бұл өз кезегінде мем­лекеттің мәдениетін көтеріп, шығармашылық адамдардың мате­риалдық әл-ауқатын жақсартады.

Жақсылық ТӨКЕЕВ,
Астана қаласы Әділет департаменті басшысының
орынбасары

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

ten + 5 =