Зиянкестермен күрес жалғасуда

0 23

Қала әкімдігінің Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы «AG Disinfection services» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен бірлесіп, елордада дератизациялаудың күзгі жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Тур кезінде 3112 гектар аумақ өңделмек. Қазіргі таңда дератизациялау жұмыстары ­Алматы, Байқоңыр және Сарыарқа аудандарындағы Есіл, Ақбұлақ, Сарыбұлақ өзендерінің аумағы, зираттар, су айдындары, қамыс арасында жүргізіліп жатыр.
Мұнан соң улау шаралары жеке секторда жүргізіледі. Тұрғындар арнайы улы дәрі-дәрмектерді тегін алады. Мамандар оларға қауіпсіздік шараларын түсіндіреді.
Ал улы қармақжемдер саябақтарда, өзендердің, каналдардың, су қоймалары мен зираттар аумағында орналастырылады. Кеміргіштерді жою «Бромадио­лон» және «Бродефор» препараттары жүргізіледі. Дератизациялау шаралары кеміргіштер санын азайтумен бірге аса қауіпті жұқпалы аурулардың таралуының алдын алуға мүмкіндік береді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

5 − 5 =