Зиялы қауым ой өрбітті

0 33

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауын талқылауға арналған «дөңгелек үстелге» қатысып, 11 бағыттан тұратын Жолдаудағы ең басты бағыт елдің әл-ауқатын жақсарту екенін, сондай-ақ бұл құжат өтпелі кезеңдегі ел дамуына жаңа серпін беретінін атап айтты.

Жиынға қоғам қайраткерлері, қаламгерлер мен ғалымдар, республикалық БАҚ жетекшілері қатысып, Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында көрсетілген бағыттарды, айқындалған міндеттерді талқылап, ой-пікірлерімен бөлісті. Өңірлерден қатысушыларға ZOOM жүйесі арқылы мүмкіндік жасалды.
«Жолдау аясында ұйым­дастырылатын шаралардың барлығы да қарапа­йым халықтың ертеңі үшін. Індет басталғалы еліміздің салт-дәстүрінде түрлі өзгеріс­тер орын алды. Оның жақсы тұстары да, жаман тұстары да бар. Ең жақсы тұсы – біз осынау қиын-қыстау заманда бір ұлт болып қалыптасқанымызды көрсеттік. Қайырымдылық, бір-бірімізге деген бауырмалдылық, жомарттық деген үлкен қасиеттерімізді таныта білдік. Десе де індет кезінде ақпарат құралдарында қаншама түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатса да кей кезде тәртіпке бағынбайтын кездеріміз болды. Бұл ретте Президент өз Жолдауында Абай атамыздың кезінде айтып кеткен даналығын бүгінгі заманмен байланыстырып өткенін айта кету керек. Адам бойындағы теріс әдеттер, оның ішінде ысырапшылдық, дарақылық, жауапсыздық, салмағы жоқ салт пен дәстүр. Бұл теріс қылықтардың барлығынан біз толықтай арыла қойған жоқпыз» деп атап өткен Аида Балаева ендігі мақсат халықтың сана-сезімін жаңғыртып, ұлттың жаңа болмысын қалыптастыру екенін еске салды.
Министр Президент Жолдауында айтылған асыл қасиеттерді әрбір қазақстандық өз бойына сіңірген жағдайда мемлекетіміз жаңа деңгейге көтерілетінін, қоғамда жақсылыққа деген ұмтылыстың жандана түсетінін тілге тиек етті.
«Жолдауды іске асыруда көптеген міндет күтіп тұр. Осы мақсатта бүгін зиялы қауым өкілдерімен кездесіп, жұмысты қалай ұйымдастырамыз, қандай іс-шаралар қолданамыз және ақпарат жұмыстарының мазмұнын қалай өзгертеміз деген сұрақтарға жауап іздеп, талқыға салуды жөн көрдік» деді А.Балаева.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

2 − 1 =