ЗІЛТЕМІРШІЛЕР ЖЕРГЕ ҚАРАТА ҚОЙМАС

0 112

DDC0D092-352D-4C31-AFB1-0A186735E844_mw1024_s_n

8-16 қараша күндері өтетін ауыр атлетикадан әлем чемпионатына Қазақстан құрамасы тас-түйін дайын. Бұл туралы ұлттық құраманың бас бапкері Алексей Ни мәлімдеді. Ол жарысқа қатысатын спортшылардың тізімін жасақтап, кем дегенде екі алтын алуға болатынын айтты. Азия ойындарына қатысқан Алмас Өтешов, Мария Грабовецкая, Сергей Истоминдер белгілі себептермен бұл біріншілікке қатыспайтын болды.

Алматыда өтетін жарысқа біздің елдің атынан Арли Чонтей (56 келі), Альберт Линдер (69 келі), Кирилл Павлов (77 келі), Владимир Седов (-94), Рүстем Сыбай (94 келі), Илья Ильин (105 келі), Ибрагим Берс­анов, Селимхан Абубакаров (+105 келі) секілді жігіттер өнер көрсететін болады. Ал қыздардан жасақталған құрамамыздың қатарында Маргарит Елисеева (48 келі), Зульфия Чиншанло (53 келі), Сәуле Садуақасова (58 келі), Карина Горичева (-63), Майя Манеза (63 келі), Жазира Жаппарқұл (69 келі), Светлана Подобедовалар (75 келі) бар. Сондай-ақ, екі құрамға да қосалқы зілтеміршілер тіркелді. Олар – Ермек Өміртай (85 келі) мен Жасұлан Қыдырбаев (105 келі) және Анна Нурмухамбетова (75 келі) мен  Гүлназ Наурызова (69 келі).

Біздің құрама бұл сында 2016 жылы Рио де Жанейрода өтетін олимпиадаға бастайтын жолдаманы көбірек жеңіп алу үшін ұпайды мейлінше мол жинауды жоспарлап отыр. Ал негізгі ереже бойынша, әрбір мемлекеттің жазғы ойындарға он (6 әйел, 4 ер) спортшыдан артық апаратын мүмкіндігі жоқ.

  Дайындаған: Нұрислам ҚҰСПАНҒАЛИ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

4 × one =