Жыры жаһанды шарлаған

0 74

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясының «Қорқыт» этноансамблі Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына арналған «Жыры әлемді шарлаған» атты онлайн-концерт өткізді.

Бала жасынан домбыраны серік етіп, ел ішіне ақындығымен танылған, екі ғасырдың куәсі болып, саналы ғұмырын ән мен жырға арнап, ұрпағына мол мұра қалдырған КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, жыр алыбы Жамбыл Жабаев – өз заманының жоғын жоқтап, мұңын жырлаған Асан қайғы, Қазтуған, Шалкиіз, Доспанбет, Жиенбет, Бұқар, Ақтамберді, Үмбетей, Қаблиса, Сүйінбай сынды жыраулар мектебінің соңғы өкілі.
Ауыз әдебиетінің алыбына баланған ақын жасынан өлең-жырға қанып өскен, өз анасы Ұлданның ақындық талантын бойына сіңірген, «Менің пірім – Сүйінбай…» деп өзі жырға қосқандай, Сүйінбай Аронұлы сияқты жыр даңғылынан тәлім-тәрбие алған. «Қорқыт» этноансамблі, «Шалқыма» би ансамблімен бірге Айгүл Қосанова, Арайлым Рахымқызы, Нұрай Танабаев, Алуа Қалымбекова, Данияр Мұқан, Перизат Тұрарова, Жазгүл Данылбаева, Айдос Оңғарбай, Арафат Искаков сынды өнер иелері ән салды.
Осылайша өлмейтұғын артында із бен сөз қалдырған баба мұрасы насихатталды.

Дархан КӨКЕБАЕВ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

1 × 3 =