«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

«Жыры» көп нысандар – жіті назарда

0 159

Астана қаласының әкімдігінде елордадағы үлескерлердің араласуымен салынып жатқан проблемалы нысандар жайы талқыланды. Іс-шараға «Елорда құрылыс компаниясы» ЖШС директоры Уәлихан Досаев, Астана қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы басшысының орынбасары Дәулет Досқұлов қатысты.

Жиында алғашқы сөзді алған У. Досаев өзі жетекшілік етіп отырған ұйымның басты міндеті «Нұрлы жер» бағдарламасы аясындағы проблемалы нысандардың құрылысын аяқтауға бағытталатын, ал оған тиісті қаржы Ұлттық қордан бөлінетінін түсіндіріп берді. Ол сондай-ақ қазіргі уақытта 3078 үлес­кердің тұрғын үймен қамтамасыз етілуіне 14,4 млрд теңге бөлінгенін, құрылысты аяқтау бойынша бірлескен жұмыстар туралы келісім жасалғанын тілге тиек етіп өтті. Сөз арасында бірнеше тұрғын үй кешенін мысалға ала отырып, қолданысқа берілетін мерзімін де атап өтті. Бұдан бөлек, экономикалық тиімділікті анықтау үшін «Тұран-Сығанақ», «Территория комфорта-1», «Столичный 2», «Future home Astana», «Жастар-4», «Ақерке-2», «Мирный дом» тұрғын үй кешендеріне конкурс жария­ланғанынан хабардар етті.
Ал Дәулет Досқұлов қалалық бас­қар­маның 51 проблемалы нысанды назарда ұстап отырғанын мәлім етті. Оның ішінде 28-і аса проблемалы деңгейде екенін жасырып қалмады. Бұған қоса заңсыз салынған құрылыс орындарының да жұмысын айтып берді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды