Жырдан жақұт тағамын жеңіске дүр

0 141

Жырдан жаһұт тағамын жеңіске дүр,
Ұлдың атой, ұраны – ұлысқа нұр.
Ұлы ұлттың намысын ту еткенде,
Ойын да бір, қып-қызыл ұрыс та бір.

«Қазақ» деп қайсар ерлер аттанды әні,
Ерен күш пен ерітер шоқтан – бәрі.
Әнұраным аспандап, қалықтады,
Шаттан, елім, шаттықтан шаттан кәні!

Шоқырдың ізін басқан Серік балам,
Әбдісалан көкесі рух беріпті оған.
Менің де бақытым мол мақтанатын,
Толағалайлар биігін көріп барам.

Сынға түсіп, серт етті жеңісті олар,
Қазақ әнін жырлады тегіс дала.
Таныды әлем ұлтымның заңғарлығын,
Жеңіске жеткізетін өр іс қана.

Үстемдіктен сенім-нық, таңым-назды,
Сүйіншіге лақтырдық барымызды.
Жырдан жақұт тағамын жеңіске дүр,
Алақай, аламаннан атым озды!!!

Жұматай БӘЖІКЕЕВ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

7 − 1 =