©2020 Астана Ақшамы
Жыр дүлдүлін ұлықтады
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы аясында №4 мектеп-гимназиясында дәстүрлі Жамбыл оқулары өтті.
Қалалық деңгейде өткен Жамбыл оқуларына 62 мектептен 120 оқушы қатысты.
«Тыңда, дала, Жамбылды» атты ақын дастандарын жатқа оқу номинациясы бойынша І орынды №2 мектеп-гимназиясының оқушысы Ерасыл Теміршотов пен №87 мектеп-гимназиясының оқушысы Нишонгүл Сексенбаева иеленді. Жас ақындар арасындағы «Жүз жасаған атама жыр арнаймын» аталымында бас жүлде №87 мектеп-гимназиясының оқушысы Айғаным Махсұтқановаға бұйырды. Ал І орынды №86 мектеп-гимназиясының оқушысы Асылжан Әртелбек қанжығалады. «Жыр алыбы – Жамбыл» деп аталатын ақынның еңбектері туралы эссе жазу номинациясында І орынды №82 «Дарын» мамандандырылған лицейі, №67 гимназия, №40 мектеп-лицейі мен №58 мектеп-гимназиясы теңдей бөлісті.
Жыр алыбының жастарды рухани қасиеттерге тәрбиелейтін құнды қазыналарын таныту жолындағы шаралар алдағы уақытта өз жалғасын таппақ.
Көктем ҚАРҚЫН