Жыр алыбына арналды

0 22

Санкт-Петербург қаласының Ресей Ұлттық кітапханасында сұрапыл соғыс жылдары «Ленинградтық өренім» деп жыр­лаған жыр алыбы – Жамбылдың 175 жылдығына арналған кітап көрмесі ашылды.Көрме Қазақстанның Санкт-Петербург қаласындағы Бас консулдығы мен жергілікті «Атамекен» қазақ диаспорасы бірлестігінің ортақ бастамасымен ұйымдастырылды.
Іс-шараға Ресей Ұлттық кітапханасының басшылығы, Санкт-Петербург қаласында тұратын қазақ және басқа диаспоралардың өкілдері, сондай-ақ Санкт-Петербург қаласының тұрғындары мен қонақтары қатысты.
Көрмеге әлемнің бірнеше тілінде жарық көрген Жамбылдың шығармашылығына байланысты 100-ден астам экспонат қойылды.
Кітапхана басшылығы аталған іс-шараның екі ел арасындағы гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту мен нығайтуда маңыздылығын атап өтті. Қатысушылардың пікірінше, бұл шара Санкт-Петербург аудиториясына Қазақстан халқының мәдени мұрасы мен рухани байлығын таныстыруға жақсы мүмкіндік.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

two × 1 =