Жыр алыбын ардақтады

0 16

Елордадағы Ұлттық музейде ұлы жырау Жамбыл Жабаев­тың 175 жылдық мерейтойына орай «Жыр алыбы» атты тарихи-әдеби кездесу мен «Ұлы дала жыршысы – Жамбыл» тақырыбында көрме ұйымдастырылды.

Әдеби кездесуде қаламгер, филология ғылымдарының докторы Уәлихан Қалижан, профессор Рахымжан Тұрысбек, режиссер Оралбек Сарыбасов, ақын Бақытжан Тобаяқ, журналист Ораз Қау­ғабай және аталған музейдің ғылыми хатшысы Саялбек Гиззатов Жамбылдың өмірі мен шығармашылығы, айтыскерлік мұрасы, күйшілік, жыршылық өнері, ғажап шежірешілдігі мен ақын жырларының шеберлігі жайында парасатты сөз өрбітті. Ғалымдар жыр алыбының іргелі еңбектерін жан-жақты насихаттау жөніндегі ұсыныс­тарын айтты. Дәстүрлі әнші, жыршы Ерболат Шалдыбеков жырдан шашу шашып, жырау бабамыздың толғауларын
төгілдірді. Мектеп оқушылары әлем халықтары тілдерінде ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқыды.
Сонымен бірге кеш барысында «Жамбылдың жастық шағы» атты көркем фильмінен үзінді көрсетіліп, Ұлттық музейдің қорында сақталған ұлы жырауға қатысты ғылыми әдебиеттер, жәдігерлер және бейнелеу өнері туындыларынан жасақталған көрме ұсынылды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

five + 12 =