Жылжымайтын мүлік нарығы табысты болды

0 25

Өткен жылы жылжымайтын мүлікпен операциялар саласындағы қызметтер көлемі бір жарым есе ұлғайып, 1,204 трлн тг құрады. Бұл – Қазақстан үшін рекордтық өсім. Осы соманың жартысынан көбі жалға алуға және меншікті басқаруға тиесілі.

Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының жетекші талдау­шысы Рамазан Досов бұл өсімнің себебін Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында жаңа сауда алаңдарын, элиталық қонақ үй желілерін пайдалануға беруге, сондай-ақ қолданыстағы тариф­тердің өсуіне байланысты деп түсіндірді. Өйткені республика бойынша жылжымайтын мүлік операцияларына қатысты барлық өсімнің 75 пайызын осы екі қаланың көрсеткіші берген.
Мәселен, Нұр-Сұлтан қаласында жылжымайтын мүлік саласындағы операциялар сомасы 475,3 млрд тг құрап, осыдан бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 2,3 есе асқан. Алматы қаласында бұл нарық көлемі 37,4 пайызға артып, 441,3 млрд тг құрады. Табыс көлемі бойынша үшінші орында тұрған Қарағанды облысының көрсеткіші – 55,4 млрд тг (17,1%).
Пандемиядан нарықтың барлық сегменттері зардап шекті. Қатаң карантиндік шектеулерге қарамастан тұрғын үйлерді сатып алу-сату бағасы қымбаттай түсті. Р.Досовтың айтуынша, экономикалық өсімнің болмауы мен халықтың нақты табысының азаюы жылжымайтын мүлік бағасының өсуін тоқтатпайды.
«2020 жылдың басынан бері жаңа тұрғын үй – 4,4% пайызға, қайталама нарықтағы тұрғын үй 11,2 пайызға қымбаттаған.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

three × 2 =