ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ТЫҢҒЫЛЫҚТЫ

0 132

m4tdxorex0so-640

Астанада тұрғын үйлерді және әлеуметтік нысандарды жылыту маусымына әзірлеу жұмыстары қарқын алуда. Қазіргі уақытта Алматы ауданындағы 1035 көп пәтерлі тұрғын үйдің 830-ы жылыту мау­сымына толығымен дайын. Бұл туралы аудан әкімінің аппараты мәлім етті.

Есеп беру жиналыстарында пәтер иелері жөндеу жұмыс­тарының көлемін анықтап, мақсатты қаражат жинауды ұйымдастырды. Осылайша, дайындық барысында 43 үйдің төбе жабындысы жаңғыртылды. Отыз жеті үйдің жылумен қамту жүйелері және 12 үйде жылу алмастыру қондырғылары ауыстырылды. Сондай-ақ, 140 кіреберіске жөндеу жүргізіліп, 80 үйдің су және кәріз құбырлары, 60 үйдің электр жүйелері жаңартылды.

Бұдан басқа, қысқа дайындық жұмыстары аясында 140 кіреберіс жөнделді, 35 тұрғын үйде су енгізу құбырлары ауыстырылды, 31 үйде су есептеу құралдары, сондай-ақ, 245 тұрғын үйде жалпыға ортақ жылу есептеу құралдары орнатылды.

Қысқа дайындық жұмыстары ауданның әлеуметтік нысандарында да жүргізілуде.

Бүгінде 16 денсаулық сақтау мекемесінің 12-сі, 65 білім беру мекемесінің 58-і және 4 мәдиниет нысанының біреуі дайындық жұмыстарын аяқтады.

Барлық жөндеу жұмыстары бекітілген жоспарға сәйкес жүзеге асырылады және 1 қыркүйекке дейін толығымен аяқталмақ.

Сағи ОРАЛ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

9 + ten =