Жылыту маусымына дайын

0 153

Астанада білім мекемелері жылыту маусымына дайындалып жатыр. Жалпы білім беретін 69 мемлекеттік мектептің 56-сы орталықтан жылытылады, 12-сі автономды, біреуі электр қуатымен жылыту жүйесіне қосылған. Барлық жалпы білім беру мекемелерінде жылыту мау­сымына дайындығы туралы төлқұжаттар бар. Тек №46 мектеп-гимназияда күр­делі жөндеу жұмыстары жүр­гі­зілуде және №52 мектепте орталықтан жылытуға ауысу үшін жөндеу жұмыстары қолға алынған. Барлық жұмыстарды 1 қыркүйекке дейін аяқтау жоспарланып отыр. 71 ба­ла­бақшаның ішінде 60 нысан орталықтан жылытылады, 11-інде автономды жылыту жүйесі орнатылған. Сонымен қатар, балабақшалардың бәрі жылыту маусымына дайын. №8, 9, 19, 20, 23 мектепке дейінгі білім мекемелерінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. №38 ба­лабақша 1 қыркүйекке дейін орталықтандырылған жылыту жүйесіне қосылады. Ал оншақты кәсіби-техникалық мекемелердің сегізі ор­та­лықтан, екеуі автономды жылытылады. Олардың жылыту маусымына дайындығы туралы төлқұжаттарына қол қойылды.

 Еркежан СӘТІМБЕК

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

seventeen + twelve =