Жылыту маусымы жақындап қалды

0 14

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов жылыту маусымының басталуы жөнінде жиналыс өткізді. Бұл туралы ол өз «инстаграм» парақшасында жазды.

«Алдағы жылу маусымына дайындалып жатырмыз. Ең алдымен мектеп, балабақша, медицина мекемелері сынды әлеуметтік нысандарға жылу беріледі. Әлеуметтік мекемелердің ғимараттары жылу маусымына толық дайын. Сондай-ақ көппәтерлі тұрғын үйлерге де жылу беріле бастайды. Жаңа нысандарға қосатын жылу көздерін анықтадық, қазір қуатты тексеріліп жатыр.
Ал жеке сектор тұрғындары үшін қаланың әр жерінде орналасқан 11 көмір сататын орын белгіленді. Алыпсатарлық пен түсінбестік болдырмас үшін көмір қоймаларына отын жеткілікті мөлшерде әкелінді. Көмірдің бағасы, түрі сияқты толық ақпаратты 109 желісіне хабарласып біліп отыруға болады.
Сонымен қатар, елді мекендерді газдандыру жұмысы жалғасып жатыр. Мәселен, Железнодорожныйда газбен жабдықтайтын тарату желілері толық жүргізілген. Даярлық жұмыстары Промышленныйда, 2-ші Көкталда – 95%, 1-ші Көкталда 80%-ке бітіп тұр. Мұндай жұмыстар Агроқалашық, Оңтүстік-Шығыс тұрғын алаптарында да жүріп жатыр. Осы тұрғын алаптардағы үйлер, оның ішінде Агроқалашықтың жартысы биылғы жылу маусымында газды қолдана алады. Тұрғындар үйлерін газға қосуға техникалық шарттар алу үшін фронт-кеңселерге баруы керек.
Бұдан өзге, биыл 1-ЖЭО мен 2-ЖЭО бір бөлігін газға көшіреміз. Ауа температурасы 5 күн шамасында +10 градус (және одан төмен) болып тұрса, онда жылу беру басталады» деп жазды Алтай Көлгінов.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

nine + 17 =