Жылыту маусымы басталды

0 18

Елордада ауа райының күрт салқындауына байланысты жылыту маусымы мерзімінен бұрын басталды.

Бірінші кезекте әлеуметтік нысандарға жылу беріле бастады. Мәселен, балабақшалардың шамамен 50 пайызы, денсаулық сақтау нысандары 25 пайыз және білім беру, мәдениет нысандарын қосу бойынша жұмыстар жүргізілді. Соның ішінде көппәтерлі тұрғын үй кешендерін жылытуға қосу бойынша да дайындықтар жалғасуда. Бүгінде нысандардың дайындық құжаты алынды, жаңа нысандарды жылытуға қосу көздері анықталды.
Жеке сектор тұрғындары үшін көмір қаланың әртүрлі бөліктеріндегі 11 нүктеде сатылады. Отын қоймаларында көмір жеткілікті көлемде бар. Көмірдің бағасы, түрлері және саны туралы толық ақпаратты 109 жедел желі нөмірі бойынша білуге болады. Сонымен қатар, тұрғын үй алаптарын газдандыру жұмыстары жалғасуда.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

1 × 2 =