Жылымық қар шығарылды

0 18

Кешеден бері ауа райы жылынып тұр. Бұл өткен аптада еселеп түскен қарды жібітіп жіберді. Сөйтіп жылымық қар біраз әбігерге салғандай…Осы жағдайға байланысты енді елорданың коммуналдық шаруа­шылық кәсіпорындары үшін қарды шығарумен қатар, қардың суын азайтуға тура келіп отыр. Кеше қала көше­лерінде 752 арнайы техника мен 1695 жол жұмысшылары үздіксіз жұмыс істеді. Бір күн ішінде 4919 текше метр қар қала сыртына шығарылды.
Ал жалпы қыс маусымы басталғалы 405511 текше метр қар шығарылыпты.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды