«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Жылы жүрек, ізгі тілек

0 1  243

Елордада Алғыс айту күнін мерекелеу аясында «Достық үйінде» дөңгелек үстел отырысы өтті. Сонымен қатар Нұр-Сұлтан қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері «Жылы жүрек, ізгі тілектер» атты қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.

05

Аталған жиынға Қазақстан Республикасы Президент әкімшілігінің, «Қоғамдық келісім» РММ өкілдері, мәжіліс депутаттары мен ассамблея мүшелері, қоғам қайраткерлері, мемлекеттік органдардың өкілдері, зиялы қауым  мен жастар қатысты.

Қазақстан халқы Ассам­блеясының хатшылығы меңгерушісінің орынбасары ­Л.Прокопенко қатысушыларды атаулы күнмен құттықтап, бірлік пен толағай табыстар тіледі.

«Алғыс айту күні – барлық қазақстандықтардың бір-біріне деген мейірімділігі мен достығының жарқын мерекесі. Біздің ортақ елімізге өзара көмек пен қолдау көрсетіп қана қоймай, жас ұрпаққа шынайы бірлік пен ынтымақтың үлгісін көрсетіп отыр­ған ең жарқын мерекелердің бірі» дейді ­Л.Прокопенко.

Сонымен қатар іс-шара барысында ұлтаралық келісімді нығайтып, қайырымдылықтан қалыс қалмаған шаһардағы этномәдени бірлестіктердің белсенді азаматтары марапатталды. Қайырымдылық акция барысында науқас балалардың еміне қаржы жинау үшін арнайы жәшіктер қойылған еді. Аз уақыт ішінде  жиналған қомақты қаражат  екі отбасыға табысталды.

Мұнымен қоса 20 ақпан мен 5 наурыз аралығында Нұр-Сұлтан қаласындағы 20-дан аса этномәдени бірлестіктер тұрмысы төмен отбасыларға азық-түлік себеттерін таратуда.

Қысқа мерзімде қыруар жұмыстар атқарған ҚХА бір шаңырақ астына біріккен ұлттардың татулығын одан әрі түлетуде маңызды рөл атқарып келеді.  Соның ішінде «Достық үйі» мәні зор орталықтан бөлек, елорданың ең көрнекті орны ретінде саналады.

 Баян АСЫЛБЕКОВА

 

 

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды