ЖЫЛУҒА ЖАҢА БАҒА БЕЛГІЛЕНЕДІ

0 106

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті тарифті қалыптастыруда ашықтықты, тұтынушылар мен табиғи монополиялар субъектілері мүдделерінің теңдестірілуін қамтамасыз ету мақсатында «Астана-Теплотранзит» акционерлік қоғамының 2012-2015 жылдарға жылу энергиясын беру және бөлу қызметіне тариф және тарифтік сметаның шекті деңгейін, сондай-ақ, «Астана-Энергия» акционерлік қоғамының аталған жылдарда жылу энергиясын өндіру қызметіне тариф және тарифтік сметаны жалпы тәртіппен бекіту жобаларын жария талқылау жиынын өткізді.

Жиынға мемлекеттiк орган өкілдері, тұтынушылар мен олардың қоғамдық бiрлестiктерi жетекшілері, тәуелсiз сарапшылар қатысты. 2012-2015 жылдарға арналған жылу энергиясын беру және тарату ақысының шекті деңгейін бекіту үшін өтінім жобасын ұсынған «Астана-Теплотранзит» қызметінің негізгі түрі энергия өндіруші ұйымдардан (1,2-ЖЭО) Астана қаласының өнеркәсіптік, қоғамдық-коммуналдық кәсіпорындарына және тұрмыстық тұтынушыларына жылу энергиясын беру және тарату болып табылады.

Үстіміздегі жылдың 1 қыркүйегінен бастап 2015 жылдарға дейін «Астана-Теплотранзит» АҚ-ның жалпы мөлшері 3 188 213 мың теңгені құрайтын инвестициялық бағдарламасы бекітілген. Оның мақсаты – тұтынушыға жылу энергиясын беріп, таратудың тиімділігімен сапасын арттыру. Қаланы жылумен тұрақты қамтамасыз етіп, арнаулы тораптарды жетілдіруге, жылу тораптарының дамуы, жылу энергиясын беру және тарату кезінде ысырапқа жол бермей, тасымалдау шығындарды қысқартуға, негізгі қорларды жаңартуға басымдық берілмек.

–Іс-шараларды енгізу нәтижесінде «Астана-Теплотранзит» АҚ инвестициялық бағдарламаны іске асырудың барлық кезеңінде 16 270 мың теңге жиынтық экономикалық нәтиже алуды жоспарлап отыр, нормативтік-техникалық шығындар шамамен 16 109 Гкал-ға қысқарады. Біздің есептеуімізше, 2012-2015 жылдарға барлық шығын 12 212 443 мың теңгені құрап, ал табыс 1 567 347 мың теңгеге жетіп, инвестициялық бағдарламаны іске асыруға бағытталады. Көрсететін қызмет көлемі 12 445 868 мың теңге құрайды,- деді мекеме басшысы Айтмұқан Жұмабаев,- Жылу энергиясын беріп, таратудың 2012-2015 жылдарға арналған орташа кесімді ақысы 1 Гкал үшін 1 107 теңгені құрайды, қолданыстағы тарифпен салыстырғанда 50,8 % өседі, тұтынушы үшін белгіленетін орташа тарифтің шамасы1 Гкал үшін 2 495 теңге ҚҚС-сыз болады. Қолданыстағы тарифпен салыстырғанда өсім 40,3 % өседі-дейді.

«Астана-Энергия» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Леонид Ларичев тарифтерді көтеруге негіз болған бірнеше себептерді алға тартты. Атап айтқанда, стратегиялық тауарлардың бағасының өсуі, яғни, көмірдің бағасы темір жолдың тарифтерімен қоса есептегенде -17,9%, мазут-20,7% өскен. Өндіріске пайдаланылатын каустикалық сода -38,0, техникалық тұз -53,8%, тринатрий-фосфат-90,5%, катионит – 46,6%, қышқылдар – 35,8%  көтерілген. Суға да бағаның көтерілуі басты факторлардың бірі. Негізгі құрал-жабдықтарды жөндеудің де, өзге қызметтерді пайдаланудың да тарифтер деңгейіне әсері барын айтты.

Әрине, аталмыш кәсіпорындар өз дәйегін алға тартып, дәлелін нықтап бақса да, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің төл міндеті бар. Ол, ең алдымен, тұтынушылардың мүддесі. Сол себепті де осы департамент директоры Бақтияр Аталықов: – Астана қаласының негізгі табиғи монополия субъектілерінің үш жылдық мерзімге арналған тарифтеріне шекті белгісін бекітуге өтінімін берді. Мүдделі тұлғалар өз пікірлерін, ұсыныстарын айтты. Қолданыстағы заңдарда белгіленген уақытта тиісті сараптаудан өтіп, есептеліп, бекітіледі. Ағымдағы жылдың тамыз айының соңына дейін департамент мамандары жан-жақты талданып, экономикалық тұрғыда негізделген тарифтерді бекітеміз. Оларды жылдың қазан айынан бастап қолдану жоспарланған.

Бұл ретте тұтынушыларға қолайлы болуын қарастырып, үш жылға бекітілген орташа кесімді ақылар сатыланып, кезең-кезеңімен көтеру көзделген. Жылу энергиясының тарифі көптен бері қаралған жоқ. Одан басқа шикізаттар мен тасымалдау қызметінің, су, электр энергиясының бағасының көтерілуіне байланысты, аталған мекемелердің өтінімі талқыланып отыр.

Бұл кәсіпорындардың көрсетін қызметінің сапасы оның материалдық базасына да байланысты болса керек. Олардың тозуы, дер кезінде жаңартылмауы тұтынушылардың тұрмысында көрініс табады. Тек қана тұтынушылардың төлемдерінен пайда тауып, табыс көретін мекемелер үшін жаңа баға үлкен шаруашылықтың күрмеуі көп мәселелерінің бірін болмаса бірін шешеді. Сондықтан да, тұтынушылар бұл өзгерістер туралы нақты ақпарат алып, қажетті шара екенін түсінудің де маңызы бар.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

twelve + seven =