ЖЫЛУ ТӨҢІРЕГІНДЕГІ ТҮЙТКІЛ

0 113

Энергия көзін үнемдеу мәселесі әлем бойын­ша­ алғы кезекке шығып отыр. Оның балама көз­де­рін­ қарастырудан бөлек, қуат көзін тарататын тех­ни­ка­лық жабдықтарды жаңалау ісі әлі күнге дейін мар­дымды жүргізілмей келеді. Бұл өз кезегінде ысыраптың орын алуына тікелей әсер етуде

Біздің қолымыздағы мәліметте жыл басындағы есеп бой­­ын­ша елордадағы 1 964 тұрғын үйдің 794-не жылу есептегіш құралы орнатылғандығы жазылған. Жалпы, тұр­ғын­дар мынаны ескергені жөн. Жылу есептегіш құралын са­тып алған бойда, оны «АстанаЖылутранзит» АҚ-ға тек­сертіп алулары шарт. Ал құрылғыны қондыру тұрғын үй­ иесі қар­жы­сы­ есебінен жүргізіледі.
Астана қаласы ПИК қауымдастығының төрағасы Мезамбек Кенжебаевтың мәлімдеуінше, өздеріне қарасты кейбір ау­дандардағы электр стансаларының тозығы жеткен. Соны­мен­ бірге бірнеше тұрғындар үйлеріне жылу есептегіш құ­ра­лын орнатпаған. Коммуналдық қызметке төленбеген қа­рыз тағы бар.

Қазір елордада 2077 үйге қызмет көрсететін 280 же­ке­мен­­­шік­­ пәтер иелерінің кооперативі тіркелген. Әр­қай­сы­сы­­ның­ өз жарғысы, басшылыққа алатын ережесі болады. Кей­де­ тұрғындар тарапынан әлгі кооператив басшысын өз­­гер­­ту­­ туралы мәселе туындап жатады. Сол жауапты тұл­ға­­­ны­­­ сайлаған өздері екенін ескере бермейді. Осындай мә­­­се­­­ле­­­лер­­ді­­ алға тартқан М. Кенжебаев тұрғындардың осы ай­­­ соңына дейін жылу есептегіш құралын орнату қажеттегін ес­­­кер­­­те­ді. Өйткені, уақыт ырғалып-жырғалуды күтпейді.

Әмірхан АЛМАҒАНБЕТОВ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

1 × five =