Жылу қазандықтары газға көшіріледі

0 32

Бас қаладағы жылу қазандықтарын біртіндеп газға көшіру экологиялық ахуалды барынша жақсартады. Биылғы жылу беру маусымында қаладағы №1 және №2 жылу-электр орталығының кейбір қазандықтары газбен жұмыс істейді. Бұл жаңалықты қала басшысы Алтай Көлгінов жария етті.

«Жылу қазандықтарын газға көшіру күрделі, бірақ қажет жұмыс. Қазандықтар бүкіл қаланы жылытатын болғандықтан, оларды біртіндеп газға көшіру экологиялық ахуалды айтарлықтай жақсартады. Бүгін №2 жылу-электр орталығының қазандығын газға көшіру жұмыстарының барысымен таныстым. Газ жеткізу құбырын тарту, газ қорғаныс жүйесінің, қазандықтарға оттықтарды бекіту жұмыстары аяқталыпты. Осы жылу маусымында №1 және №2 жылу-электр орталығының кейбір қазандықтары газбен жұмыс істейді. Олардың артықшылығы – газбен де, мазутпен де, көмірмен де жұмыс істей береді» деп жазды елорда әкімі инстаграмдағы парақшасында.
Сонымен қатар тұрғын үй алаптарындағы ішкі газ желілерін жүргізу жұмыс­тары жалғасуда. Елорданы газдандыру — Елбасымыздың тарихи жобасы. Мемлекет басшысы да газ жүргізу мәселесін жіті қадағалап отыр.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

7 − 4 =