Жылу беріледі

0 23

Байқоңыр ауданының тұрғын үй кешендері жылыту маусымына дайын. Кейбір әлеуметтік нысандар өтініштер негізінде жылу беру жүйесіне қосылған болатын. Оның ішінде медициналық мекемелер, білім беру нысандары, балабақшалар сияқты әлеуметтік нысандардың дайындығы 100% құрайды.

image-22-09-21-12-38
image-22-09-21-12-38-1
image-22-09-21-12-38-2
image-22-09-21-12-38-3
image-22-09-21-12-38-4
previous arrow
next arrow

– Бүгінгі таңда ауданымызда 441 тұрғын үй орналасқан. Оның 95 пайызы жылыту маусымына дайын. Мектептер, балабақшалар, ауруханалар және мәдениет үйлері де 100 пайыз дайын тұр. Жалпы Нұр-Сұлтанда жылу беру маусымы 23 қыркүйектен баста- лады, – деді ≪Байқоңыр≫ ауданы әкімі аппараты тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы Еркебұлан Өтеген. Сондай-ақ елді мекендерді газдандыру, жылу электр ор- талықтарын жаңғырту, ЖЭО су жылыту қазандықтарын газға ауыстыру жұмыстары жалғасуда. Жеке сектор тұрғындары үшін қаланың барлық ауданында көмір сататын компаниялар белгіленді. Қатты отынды сатып алу кезінде дүрлігуге және алып сатарлыққа жол бермес үшін қоймаларда  жеткілікті қор көлемі бар.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

19 − 11 =