«Жыл волонтері» халықаралық сыйлығын тағайындауға арналған конкурс өтеді

0 19
Ерікті

Халықаралық сыйлық әлеуметтік және қоғамдық пайдалы міндеттерді шешуге үлес қосқан волонтерлер мен волонтерлер тобын, отандық және халықаралық волонтерлік ұйымдарды көтермелеуге бағытталған.

Байқауға үміткерлер әлемнің түкпір-түкпірінен қатыса алады. Ол үшін qazvolunteer.kz интернет-платформасында өтінім беріп, волонтерлік қызметі туралы деректерді толтыру қажет. Өтінімдерді қабылдау 2021 жылғы 1 қазан сағат 09.00-ден басталды және 2021 жылғы 20 қазан сағат 18.30-ға дейін жалғасады.

Байқау екі кезеңде өтеді:

бірінші – qazvolunteer.kz интернет-платформасында ашық онлайн-дауыс беру,

екінші – ең көп дауыс жинаған және екінші кезеңге өткен қатысушыларды Конкурстық комиссия бағалайды.

Нәтижесінде келесі номинациялардың әрқайсысы бойынша үш үміткер жеңімпаз болып танылады:

  • «Үздік волонтерлік ұйым»
  • «Корпоративтік волонтерлік көшбасшысы»
  • «Коронавирустық инфекциямен күреске қатысқаны үшін»
  • «Тұрақты даму мақсаттарының көшбасшылары»
  • «Үздік әлеуметтік көмекші»
  • «Төтенше жағдайларды жоюға белсенді қатысқаны үшін»
  • «Хабар-ошарсыз кеткен адамдарды іздеуге белсенді қатысқаны үшін»
  • «Құқық бұзушылық құрбандарына көмек көрсетуге белсенді қатысқаны үшін»
  • «Денсаулық сақтауды дамытуға белсенді қатысқаны үшін»
  • «Салауатты өмір салтын насихаттауға белсенді қатысқаны үшін»
  • «Білімді дәріптеуге қосқан үлесі үшін»
  • «Қоршаған ортаны сақтауға және қорғауға қосқан үлесі үшін»
  • «Бейбітшілікті, достық пен келісімді нығайтуға қосқан үлесі үшін»
  • «Тарихи-мәдени мұраны сақтауға және дамытуға қосқан үлесі үшін»
  • «Зоологиялық қорғау мәселелерін шешуге қосқан үлесі үшін»
  • «Әлеуметтік міндеттерді шешуге қосқан үлесі үшін».

«Жыл волонтері» халықаралық сыйлығын беру қағидалары ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурстарында орналастырылған.

Конкурстың толық шарттарымен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылды Қазақстандағы еріктілер жылы деп жариялады.

Жыл бойы волонтерлік жұмысқа 100 мыңнан астам адам қатысты. Волонтерліктің жаңа бағыттары да тиімді дамыды. Мемлекет басшысы бей-жай қарамайтын тұрғындары көп елді жарқын болашақ күтіп тұрғанына, ал волонтерлік жұмыс барлық азаматтар үшін үлгі болатынына және Ұлттың жаңа келбетін қалыптастыруға үлес қосатынына сенім білдірді.

«Birgemiz» жалпыұлттық бастамасы қысқа мерзім ішінде пандемияның күрделі кезеңінде мұқтаж адамдарға қажетті қолдау көрсеткен көптеген жанашыр отандастарды біріктірді. Бастама аясында іске қосылған «Qamqor», «Saulyq», «Sabaqtastyq» жобалары жүздеген мың азаматтарға көмектесті. «Taza Alem» еріктілер қозғалысының өзендерді, ормандарды тазарту, ағаш отырғызу, қоқысты сұрыптау бойынша қызметі кең қолдау тапты.

Президент волонтерлік ұйымдарды қолдау және оларға арнайы гранттар бөлу жөніндегі жұмысты жалғастыру қажеттігін атап өтті.

Қазіргі уақытта елімізде 200-ден астам еріктілер ұйымы жұмыс істейді, оларға 50 мыңнан астам белсенді еріктілер қатысады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

three × one =