Жыл басынан қанша жарна түсті?

0 95

Елордалықтар осы жылдың қаңтар-мамыр айларында медициналық сақтандыру үшін 19,5 млрд теңге жарна аударған. Осылайша Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 2017 жылдың 1 шілдесі мен 2021 жылдың 31 мамыры аралығында медициналық сақтандыру үшін жинақталған жарнаның жалпы сомасы 74,4 млрд теңгені құрады.2021 жылдың мамыр айында медициналық сақтандыру үшін елордалықтар 3,4 млрд теңгеден аса жарна аударған. Оның ішінде жұмыс берушілердің аударымы 1,6 млрд теңгеден асады, ал жеке кәсіпкерлерден 1,8 млрд теңге түскен. Сондай-ақ осы жылдың 31 мамырындағы жағдай бойынша 6 931 адам бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) бойынша МӘМС-ке жарна төлеген.
«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін түскен барлық жарна аударымдары, яғни жинақталған қаржы, сенімгерлік басқару туралы жасалған келісімшартқа сәйкес, Ұлттық банкте сақталады да, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті шеңберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады» дейді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров.
Медициналық сақтандыру қоры пациенттер құқығын қорғайды. Қандай да бір сұрақтар туындаған жағдайда Qoldau 24/7 мобильді қосымшасына, @saqtandyrybot телеграмботына, 1406 байланыс орталығына, fms.kz сайтына хабарласуға болады. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры өтініштерді қарап, тиісті шара қабылдайды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

two × one =