Астанада жыл басынан бері 1 миллион шаршы метрден аса тұрғын үй тапсырылды

0 100

00001

Жыл басынан бері құрылысқа бағытталған инвестициялар көлемі 63 041,1 миллион теңгені құрады. 2015 жылмен салыстырғанда пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы аумағы 1 134 324 шаршы метрге ұлғайды. Барлық қаржыландыру көздерінің есебінен 10 371 пәтерлік баспана тапсырылды.

Жеке тұрғын үй салушылар жалпы ауданы 99 723 шаршы метрлік үй салған.

Тұрғын үйлердің бағасына тоқталсақ, елордада тұрғын үйдің жалпы ауданының 1 шаршы метрінің құны орта есеппен 129,7 мың теңгені құрайды, оның ішінде жеке тұрғын үй салушылар үшін шаршы метрдің құны – 115,5 мың теңге.

Қазіргі кезде Астана қаласының кәсіпорындары мен ұйымдары 223 462,1 млн. теңгені құрайтын құрылыс жұмыстарын (қызметтерін) орындады, соның ішінде 50,8%-ы жеке мердігерлік ұйымдарға, 49,1%-ы шетелдік мердігерлік ұйымдарға 0,1%-ы мемлекеттік мердігерлерге тиесілі.

Негізінен, құрылыс-монтаждау, күрделі және ағымдық жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Құрылыс жұмыстарының басым бөлігін тұрғын және тұрғын емес ғимараттардың құрылысы құрайды – 68,7%, электротехникалық, слесарлық және өзге де құрылыс-монтаждау жұмыстары – 10,5%.

astana.gov.kz

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

four × 2 =