«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Жүзден аса ананы қабылдады

0 164

Халқымыз «Ананың басқан жерінде пейіш бар» деп бекер айтпаған. Кеше «Астана» концерт залында елорда басшысы Бақыт Сұлтанов өз орынбасарлары және басқарма басшыларымен бірге жүзден аса көпбалалы ананы қабылдап, оларды мазалаған мәселелердің мән-жайына қанықты.

Қала әкімі аналармен кездесуінде олардың айтқан өтініш-тілектері жергілікті атқарушы органдардың назарынан тыс қалмайтынын жеткізді.
Кездесу барысында шаһар басшысына сұрақ қойғысы келген аналардың қатары көп болды. Сондықтан Бақыт Сұлтанов өз орынбасарлары, аудан әкімдері және басқарма басшыларымен бірге аналарды жеке қабылдап, олардың айт­қан мәселелерін зер салып тыңдады. Әкім қабылдауында айтылған кейбір проблемалар сол жерде шешілді. Айталық, көпбалалы отбасыларға көмір және мектеп жасындағы балаларға оқу құралдары алып берілді. Сондай-ақ баспана мәселесі де сөз болды. Бұған әкім көпбалалы отбасыларды муниципалдық тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін шаралар қарастырылып жатқанын айтты. Бүгінде әкімдік мүмкіндігінше әр отбасыға көмек көрсетудің жоспарын әзірлеген.
Енді елорда әкімдігі азаматтарды қабылдауды бір күнмен шектемей, апта бойы өткізуді жоспарлап отыр. Астана әкімінің тапсырмасымен 13 ақпаннан аудан әкімдіктері мен басқармаларда «Ашық есік» күні өткізілуде.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды